Жетісу облысының табиғатты қорғау полициясы Қаратал және Балықты өзендерінің маңында экологиялық заңнаманың сақталуына бақылауды күшейтті.
Жыл басынан бері Қаратал өзені аумағында заңсыз жер қазу жұмыстарының 27 дерегі анықталды. Жиналған материалдар уәкілетті органдарға жолданып, қарау нәтижесінде 25 әкімшілік хаттама толтырылды.
Сонымен қатар заңсыз жұмыстарға пайдаланылған үш тиегіш трактор анықталып, арнайы тұраққа қойылды.
Табиғи ресурстарды қорғау мақсатында полиция қызметкерлері пайдалы қазбаларды заңсыз өндіру мен тасымалдаудың алдын алуға бағытталған күнделікті рейдтік іс-шаралар жүргізуде.
Полиция ескертеді: табиғат байлығын сақтау – әрбір азаматтың ортақ міндеті. Экологиялық құқық бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу жұмыстары жалғасуда.









