Белоглин ауылында тұрғындармен кездесу өтті

    1 / 3

    2026 жылғы 13 қазанда Белоглин ауылында Белоглин ауылдық округінің әкімі Ж.Б. Баймухановтың ауыл тұрғындарымен кездесуі өтті.

    Кездесу барысында Ж.Б. Баймуханов 2026 жылдың 9 айындағы Белоглин ауылдық округінің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы есеп беріп, атқарылған жұмыстар мен округті одан әрі дамытудың негізгі бағыттары жөнінде ақпарат ұсынды.

    Кездесу барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Тұрғындарға заңдылық, адалдық және парасаттылық қағидаттарын сақтаудың маңыздылығы, сондай-ақ күнделікті өмірде сыбайлас жемқорлыққа қарсы талаптарды ұстану қажеттігі түсіндірілді.

    Сонымен қатар, кездесуге қатысушыларға интернетті пайдалану кезінде сақтық шаралары және интернет-алаяқтықтан қорғану тәсілдері туралы айтылды. Цифрлық сауаттылықты арттыру, электрондық сервистерді қауіпсіз пайдалану және онлайн төлемдер жасау кезінде мұқият болу мәселелері қозғалды.

    Кездесу соңында ауыл тұрғындары өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, талқыланған мәселелер бойынша қажетті түсініктемелер алды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қостанай облысы Қарабалық ауданы Белоглин ауылдық округі әкімінің аппараты" жаңалықтары