Шымкент қаласы Еңбекші аудынында «Таза Қазақстан» іс-шарасы аясында, ұшқышсыз ұшу апараты (дрон) көмегімен бір апта ішінде 100-ге жуық құқықбұзушылықтың жолы кесілді.

    Атап айтқанда, абаттандыру қағидаларын және ортақ пайдаланылатын орындардың тазалығын бұзған азаматтарға қатысты Қазақстан Республикасының, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505-бабы талаптарына сәйкес, заңнамада көзделген шаралар қабылданып, әкімшілік құқық бұзушылық туралы 102-хаттама (ұшқышсыз ұшу апараты (дрон) көмегімен) толтырылды.

    Бұл бағыттығы іс шаралар жалғасуда. Қала тұрғындарды мен қонақтарын «Таза Қазақстан» іс-шарасына белсенді қатысуға шақырамыз.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Шымкент қаласының Полиция департаменті" жаңалықтары