Елордалық полиция қызметкерлері практикалық атудан Қазақстан чемпионатында жүлделі орындарға ие болды

    Ағымдағы жылдың 8–11 қазан аралығында Қонаев қаласындағы Qaisar полигонында IPSC халықаралық ережелері бойынша тапаншадан практикалық ату бойынша Қазақстан Республикасының чемпионаты (LEVEL 3) өтті.
    Байрақты бәсекеге 25 команданың құрамында 131 спортшы қатысып, өздерінің кәсіби шеберлігін, дәлдігін және жоғары дайындық деңгейін көрсетті.
    «CLASSIC» санатындағы командалық есептің нәтижелері бойынша жүлделі 1-орын – «Astana shooting team IIM SK Arlan» командасы иеленді.
    Жеке есепте де Астана полициясының қызметкерлері жоғары нәтиже көрсетті. Астана қаласы Полиция департаменті ЖҚАЖ аға инспекторы полиция капитаны Дархан Жексембинов жүлделі 2-орынды иеленсе, ЖҚАЖ аға инспекторы полиция майоры Медет Слямгазин 3-орынды қанжығасына байлады.
    Практикалық ату – жоғары дәлдікті, жылдам шешім қабылдауды, төзімділікті және қаруды қауіпсіз қолдану дағдыларын талап ететін спорт түрі. Мұндай жарыстар қызметкерлердің кәсіби шеберлігін шыңдап, тактикалық дайындығын жетілдіруге ықпал етеді.
    Елордалық тәртіп сақшыларының чемпионаттағы нәтижелері – жүйелі дайындықтың, табандылықтың және кәсіби шеберліктің жемісі.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Астана қаласының Полиция департаменті" жаңалықтары