Түркістан облысы Келес ауданы Бозай ауылдық округінің тұрғындарына экстремизм мен терроризмнің алдын алу тақырыбында профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Кездесуге аудандық Терроризмге қарсы комиссиясының және аудандық ақпараттық насихаттық тобының мүшелері, ішкі саясат бөлімінің қызметкерлері қатыстырылды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – ауыл тұрғындары арасында терроризм мен экстремизмнің алдын алу шараларын насихаттау, олардың қоғамға тигізетін қауіпті салдарларын түсіндіру, халықтың құқықтық және ақпараттық сауаттылығын арттыру және террористік әрекеттердің алдын алу болып табылады.
Кездесу барысында терроризмнің жаһандық және ұлттық қауіптері, террористік әрекеттердің алдын алудың ұлттық механизмдері мен террористік ұйымдардың идеологиялық ықпал ету тәсілдері талқыланды.
Интернеттегі экстремистік және террористік контенттерді тану, әлеуметтік желілер арқылы таралатын теріс ұйымдардың ықпалына түсіп қалмау жолдары, терроризмді насихаттаудың жасырын тәсілдері, қоғамдағы алауыздықты қоздыруға бағытталған экстремистік риторика туралы сөз қозғалды.
Шараға арнайы шақырылған мамандар экстремизм мен терроризмнің психологиялық және идеологиялық әсері туралы терең талдау жасап, өз тәжірибелерімен бөлісіп, ашық диалог орнатты.
Сонымен қатар, қатысушыларға күдікті жағдай туындаған кезде әрекет ету ережелері түсіндіріліп, тақырыпқа байланысты ақпараттық жадынамалар таратылды.
Іс-шара соңында қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, нақты жауаптар берілді.
Материал Түркістан облысы бойынша ТҚК аппаратының ақпараты негізінде дайындалды









