1 / 2
З. ГУМАРОВ КӨШЕСІНДЕ 900 МЕТР АВТОМОБИЛЬ ЖОЛЫ САЛЫНДЫ
Аудан елді мекендеріндегі жол инфрақұрылымын жақсарту және тұрғындардың қауіпсіз әрі қолайлы жүріп-тұруына жағдай жасау бағытындағы жұмыстар жалғасуда.
Осы бағытта Аққыстау ауылы З. Гумаров көшесінде ұзындығы 900 метр автомобиль жолына асфальт төсеу жұмыстары жүргізіліп, толық аяқталды. Құрылыс жұмыстарын мердігер мекеме «Актив-А» ЖШС жүзеге асырды.
Жол жабынына ұсақ түйіршікті асфальтбетон (МЗ) төселіп, жұмыстар 3 күн ішінде толық аяқталды. Нәтижесінде аталған көшеде көлік қозғалысына және тұрғындардың күнделікті қатынауына қолайлы жағдай жасалды.
Аудан аумағындағы жолдардың сапасын жақсарту және көлік инфрақұрылымын дамыту бағытындағы жұмыстар кезең-кезеңімен жалғасатын болады.







