АҚҚЫСТАУ АУЫЛЫНДА ЖОЛ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ ЖЕТІЛДІРІЛУДЕ
Аққыстау ауылындағы Н. Әжіғалиев және Жәңгірхан көшелеріне асфальт жабындысы төселіп, жолдардың жағдайы жақсартылды.
Аталған жұмыстар тұрғындардың қауіпсіз әрі қолайлы қозғалысын қамтамасыз етуге, көлік қатынасын жеңілдетуге және елді мекеннің инфрақұрылымдық әлеуетін арттыруға бағытталған.
Жаңартылған көшелер шаң-тозаңды азайтып, тұрғындарға жайлы орта қалыптастыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, жол инфрақұрылымын ретке келтіру ауылдың санитарлық және эстетикалық жағдайын жақсартуға оң әсерін тигізеді.
Көркейтілген әрбір көше – елді мекеннің дамуы мен тұрғындар игілігіне бағытталған нақты қадам.
Аққыстау ауылының абаттандырылуы мен инфрақұрылымын дамыту бағытындағы жұмыстар кезең-кезеңімен жалғасын табады.








