АППАРАТ ЖИЫНЫ ӨТТІ

    1 / 5

    ⚜️ Ойыл ауданының әкімі С. Займолдиннің төрағалығымен аппарат мәжілісінің отырысы өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасарлары, бөлім басшылары, округ әкімдері және тиісті сала жетекшілері қатысты.

    🔸️ Аппарат отырысында ауданның негізгі әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің орындалу барысы, «TAZA QAZAQSTAN» акциясының орындалуы, қысқы мезгілге мал азығын дайындау жұмыстары және "Ауыл аманаты"
    жобасының іске асырылу барысы туралы талқыланды.

    🔹️ Қысқы мезгілге мал азығын дайындау жұмыстары және "Ауыл аманаты" жобасының іске асырылу барысы туралы аудандық кәсіпкерлік және ауылшаруашылық бөлімінің басшысы Алдияр Арсланбек Алтынбекұлы баяндама жасады.


    🔹️ Күн тәртібіндегі мәселелер жан-жақты талқыланып, тиісті ұсыныстар айтылды. Жиын қорытындысы бойынша аудан әкімі жауапты бөлім басшыларына қаралған мәселелер бойынша нақты тапсырмалар беріп, олардың орындалуын бақылауға алуды тапсырды.

    🔸️Аппарат мәжілісінде көтерілген мәселелердің уақытылы әрі сапалы орындалуы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы мен халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тиімділігін арттыруға бағытталды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Ойыл ауданы әкімдігі" жаңалықтары