25 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өткен Қазақстан-Қытай инвестициялық форумы аясында елімізде жаңа жобаларды іске асыру жөніндегі келісімге қол қойылған болатын. Осы бағытта Түркістан облысында нақты жұмыс басталып, агрохимия саласын дамытуға бағытталған ірі инвестициялық жоба қолға алынды. «Тұран химиялық компаниясы» ЖШС синтетикалық аммиак пен карбамид өндіретін зауыттың іргетасын қалау рәсімін өткізді.
Салтанатты іс-шараға Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров, жобаның инвесторы Чжан Цихай, компания өкілдері, сала мамандары және өзге де қонақтар қатысты.
Жиында облыс әкімі жаңа өндірістік жобаның өңірдің өнеркәсіптік әлеуетін арттырудағы маңызын атап өтті.
– Бүгін біз Түркістан облысының индустриялық дамуы үшін айрықша маңызы бар жаңа өндірістік жобаның негізін қалап, өңірдің өнеркәсіптік әлеуетін жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам жасап отырмыз. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев еліміздің экономикалық дамуының маңызды бағыттарының бірі ретінде өңдеу өнеркәсібін күшейтуді, отандық өндірісті дамытуды және импортқа тәуелділікті төмендетуді айқындап келеді. Бүгінгі жоба – осы міндеттердің нақты іске асуының бір көрінісі. Түркістан облысы – ауыл шаруашылығы дамыған, аграрлық әлеуеті жоғары өңір. Сондықтан біз үшін агроөнеркәсіп кешенін дамыту тек ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірумен шектелмейді. Ең басты міндеттердің бірі – өндіріс пен қайта өңдеудің толық тізбегін қалыптастыру. Бұл бағытта облыста жүйелі жұмыстар атқарылуда. Отырар ауданы мен Түркістан қаласында мақтаны жинаудан бастап, оны терең өңдеуге, жіп пен дайын тоқыма өнімдерін шығаруға дейінгі мақта-тоқыма кластері қалыптасты. Ендігі кезекте агрохимия саласын дамытуға басымдық беріп отырмыз. Импортталатын тауарларға жүргізілген талдау тыңайтқышқа деген ішкі сұраныстың едәуір бөлігі импорт есебінен қамтамасыз етілетінін көрсетті. Сондықтан осы өнімді елімізде өндіру – ауыл шаруашылығы мен экономика үшін маңызды. 25 қыркүйекте Мемлекет басшысының қатысуымен өткен Қазақстан-Қытай инвестициялық форумы аясында осы жобаны іске асыру жөніндегі келісімге қол қойылды. Бұл – Қазақстан мен Қытай арасындағы инвестициялық ынтымақтастықтың нақты нәтижесі. Жобаны жүзеге асырып жатқан инвесторларға алғысымды білдіремін. Іргесі берік кәсіпорынның ел экономикасына берері мол болсын! Ашылатын жаңа өндіріс орны өңіріміздің дамуына, жаңа жұмыс орындарының ашылуына және ауыл шаруашылығының өркендеуіне қызмет етсін! – деді Нұралхан Көшеров.
Сауран ауданындағы арнайы экономикалық аймақта жүзеге асырылатын жобаның құны – 200 миллион АҚШ доллары. Кәсіпорын жылына 250 мың тонна синтетикалық аммиак және 300 мың тоннаға жуық карбамид өндіруге қауқарлы болады. Зауыттың іске қосылуы нәтижесінде 300 жаңа жұмыс орны ашылады.
Жаңа өндіріс ауыл шаруашылығына қажетті тыңайтқыштарды отандық өндіріс есебінен қамтамасыз етуге, импортқа тәуелділікті төмендетуге, агрохимия саласын дамытуға және Түркістан облысының өнеркәсіптік әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді.
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА СИНТЕТИКАЛЫҚ АММИАК ПЕН КАРБАМИД ӨНДІРЕТІН ЗАУЫТТЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ
1 / 4
Ұқсас материалдар

Бөкей ордасы аудандық мәслихатының кезектен тыс 42-ші сессиясы
Ашу
2026 жылғы 9 қазанда Алтай ауданының әкімі Е.Т. Тұраров елді мекендегі құрылыс жұмыстарын ретке келтіру, қала құрылысы саясатын жетілдіру және инженерлік-көлік инфрақұрылымын дамыту мәселелеріне арналған жұмыс кеңесін өткізді
Алтай ауданының әкімдігіАшу
Ақмолалық құтқарушылар Құтқарушылар күні қарсаңында үздіктерді анықтады
Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаментіАшу
ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ БОЙЫНША ЖЕДЕЛ ЖЕЛІ!
Алтай ауданының әкімдігіАшу
Төтенше жағдайлар Министрі Мурат Сейтмолдаевич Мухановтың Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында ол 2026 жылғы 12 қазанда Алтай ауданына келіп қайтты.
Алтай ауданының әкімдігіАшу
"Түркістан облысы Отырар ауданы Шәуілдір ауылдық округі әкімінің аппараты" жаңалықтары

ТҮРКІСТАНДА «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮЙЕЛІ ЖАЛҒАСУДА
Түркістан облысы Отырар ауданы Шәуілдір ауылдық округі әкімінің аппаратыАшу
ЖАМБЫЛ ЖАБАЕВТЫҢ 180 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ АУДАНДЫҚ ТУРНИР ӨТТІ
Түркістан облысы Отырар ауданы Шәуілдір ауылдық округі әкімінің аппаратыАшу
ТҮРКІСТАН: «ТҮНГІ КІТАПХАНА» ЖОБАСЫ ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСТЫ
Түркістан облысы Отырар ауданы Шәуілдір ауылдық округі әкімінің аппаратыАшу
ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ 200-ГЕ ЖУЫҚ ПӘТЕР ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛМЕК
Түркістан облысы Отырар ауданы Шәуілдір ауылдық округі әкімінің аппаратыАшу
ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ
Түркістан облысы Отырар ауданы Шәуілдір ауылдық округі әкімінің аппаратыАшу