Бүгін Бөрлі аудандық мәслихатының кезектен тыс XXXIX сессиясын мәслихат төрағасы К.Ермекбаев жүргізді. Сессияға аудан әкімі Е.Ихсанов, облыстық мәслихатының депутаттары А.Агаев, Ж.Курманкулов, аудан әкімінің орынбасарлары, бөлім басшылары, Ақсай қаласы және ауылдық округ әкімдері, бұқаралық ақпарат өкілдері қатысты.
Сессияның күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:
- Бөрлі аудандық мәслихатының 2023 жылғы 17 қаңтардағы №25-17 «Аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссиясын сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Бөрлі аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы №10-17 «Учаскелік сайлау комиссияларын сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Депутаттар округтік және учаскелік сайлау комиссияларында қалыптасқан бос орындарға қайта сайлау өткізді.
Аудандық мәслихаттың округтік және учаскелік сайлау комиссияларын сайлау туралы шешімдеріне өзгерістер енгізілді.





