Бүгін Бөрлі ауданының Қоғамдық кеңес отырысы өтті

    1 / 5

    Бүгін Бөрлі ауданының Қоғамдық кеңес отырысы кеңес төрағасы Б. Макеевтің төрағалығымен өтті. Отырысқа аудан әкімі Е. Ихсанов, аудан әкімінің орынбасарлары, бөлім басшылары, қала және ауылдық округ әкімдері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша Қоғамдық кеңес мүшелері экономика және қаржы бөлімібасшысыныңорынбасары А. Исмагулованың «Бөрлі ауданының, Ақсай қаласы мен ауылдық округтердің 2027–2029 жылдарға арналған бюджеті туралы» баяндамасын тыңдап, мәслихат шешімінің жобасын мақұлдады. Одан әрі ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы А. Бексеитов пен Ақбұлақ ауылдық округінің әкімі Г. Турганалиевтің атқарылған жұмыстар мен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы баяндамалары тыңдалып, назарға алынды. Сонымен қатар жер қатынастары бөлімінің басшысы И. Ғабидуллин «Ақсай қаласының, Жарсуат және Приурал ауылдық округтерінің шекараларын өзгерту және ауданның кейбір ауылдық округтерінің шекараларын белгілеу туралы» аудан әкімдігі мен аудандық мәслихаттың бірлескен қаулысы мен шешімінің жобасын ұсынды. Келесі мәселе бойынша ТКШ,ЖК және АЖ бөлімінің басшысы Б. Карагойшин аудан әкімдігінің «Бөрлі ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеу қағидаларын бекіту туралы» қаулысын жою жөніндегі қаулы жобасын таныстырды. Күн тәртібіндегі соңғы мәселе бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының міндетін атқарушы Ш. Сисенова «Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария салалары мамандарына коммуналдық қызметтерді төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі мен мөлшерін бекіту туралы» мәслихат шешімінің күшін жою туралы шешім жобасын баяндады. Аталған мәселелер бойынша Қоғамдық кеңес мүшелері тиісті келісімдерін берді. Отырыс барысында Қоғамдық кеңес мүшелері Т.Казжанов, Ә.Идгеева бөлім басшыларына сұрақтар қойып, көтерілген мәселелер бойынша тиісті түсініктемелер алды.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Бөрлі аудандық мәслихаты" жаңалықтары