Бөрлі аудандық мәслихатының кезектен тыс сессиясын шақыру туралы

    ·Жаңалықтар мұрағаты

    Бөрлі аудандық маслихат төрағасының

    ШЕШІМІ

    Ақсай қаласы № 38 6 қазан 2026 жыл

    Бөрлі аудандық мәслихатының

    кезектен тыс сессиясын шақыру туралы

    Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10 және 18 -баптарына сәйкес ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫМ:

    Бөрлі аудандық мәслихатының кезектен тыс отыз тоғызыншы сессиясы 2026 жылдың 12 қазан күні сағат 15.00-да аудан әкімдігінің мәжіліс залында шақырылсын. Сессияның күн тәртібіне төмендегі мәселе ұсынылсын:

    1. Бөрлі аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы №10-17 «Учаскелік сайлау комиссияларын сайлау туралы», 2023 жылғы 17 қаңтардағы №25-17 «Аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссияларын сайлау туралы» шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

    Баяндамашы: мәслихат аппаратының басшысы Б.Б.Мукашева

    1. Басқа мәселелер.

    Бөрлі аудандық

    мәслихатының төрағасы К.Т.Ермекбаев

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары