Қостанайда күзгі көгалдандыру жұмыстары жалғасуда

    Қостанайда күзгі көгалдандыру жұмыстары жалғасуда. Әл-Фараби көшесінде және қаланың басқа да аумақтарында ағаштар отырғызылып, жаңа жасыл аймақтар құрылуда.

    Соңғы төрт жылда қалада 21 мыңнан астам ағаш пен 92 мыңнан астам бұта отырғызылды. Биыл тағы 3629 ағаш отырғызу жоспарланған.

    Күзде Әл-Фараби көшесінде, «Сити Центр» маңында, Сьянов, Абай және Гоголь көшелерінде, сондай-ақ Тобыл жағалауындағы саябақта 810 көшет отырғызылады. Олардың қатарында шырша, жөке, қарағаш және терек бар.

    Отырғызылған ағаштардың жерсіну көрсеткіші 95 пайыздан асады. Бұл ретте көгалдандыру жұмыстарында жасыл желектердің санын арттырумен қатар, олардың жақсы өсіп, жерсінуіне де басымдық беріледі.

    Жұмыстар қаланы абаттандыру және «Таза Қазақстан» бастамасы аясында жүргізілуде. Негізгі мақсат – жасыл аймақтарды көбейтіп, тұрғындар үшін қолайлы әрі жайлы қалалық орта қалыптастыру.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қостанай қаласының әкімдігі" жаңалықтары