2026 жылғы 10 қазанда Ақтау қаласында «Заң мен тәртіп» жобасы аясында ұйымдастырылған «Құқықтық керуен» іс-шарасына Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бөлімінің бас маманы Бүркітбаев Ұлан Жандосұлы қатысты.
Іс-шара барысында азаматтарға еңбек заңнамасы, еңбек қатынастары, қызметкерлердің құқықтары мен еңбек қауіпсіздігі мәселелері бойынша кеңес беріліп, сұрақтарына түсініктемелер ұсынылды.
Мұндай іс-шаралар азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және еңбек құқықтарын қорғау мәселелері бойынша ақпараттандыруға бағытталған.
#Заңжәнетәртіп #Еңбекжәнехалықтыәлеуметтікқорғау #Законипорядок #Министерствотрудаисоциальнойзащитынаселения
#МемлекеттікеңбекинспекциясыкомитетініңМаңғыстауоблысыбойыншадепартаменті









