🔹 «Bereke Transport company» ЖШС жұмыскерлеріне еңбек заңнамасы бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді

    1 / 3

    Бүгін «Bereke Transport company» ЖШС өкілдерін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті басшысының міндетін атқарушысы Кемалов Б.Б. қабылдады.

    Қабылдау барысында еңбек заңнамасының талаптары, жұмыс берушінің міндеттері, қызметкерлердің еңбек құқықтары мен кепілдіктері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

    Сонымен қатар, еңбек қатынастарын заңнама талаптарына сәйкес реттеу және еңбек заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

    Кездесу барысында азаматтардың өтініші қабылданып, тиісті тәртіппен қарау үшін тіркелді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "«Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі" жаңалықтары