
Бүгін департамент басшысының міндетін атқарушысы Кемалов Б.Б. апта сайынғы жұмыс кеңесін өткізді. Кеңес барысында Департамент бөлімдерінің ағымдағы жұмыстары, сондай-ақ азаматтардың өтініштерін уақытылы қарау және оларға жауап беру мәселелері қаралды.
Қызметкерлерге алдағы қызметтік міндеттерін сапалы әрі жауапкершілікпен орындау жөнінде тиісті тапсырмалар берілді.
Бұдан бөлек, ұжыммен қызметтік әдеп нормаларын сақтау, сондай-ақ мемлекеттік органның беделіне кері әсер етуі мүмкін әрекеттер мен жарияланымдарға жол бермеу мәселелері бойынша түсіндірме жүргізілді.
Мемлекеттік қызметшілер қызметтен тыс уақытта жалпыға бірдей қабылданған моральдық-этикалық нормаларды сақтауға, қарапайымдылық пен ұстамдылық танытуға, қоғамға жат мінез-құлыққа және қоғамдық мораль нормаларына қайшы әрекеттерге жол бермеуге міндетті.








