
Павлодар облысына жұмыс сапарымен Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министрі, азаматтық қорғау генерал-майоры Рамиль Фаткулович Камалов келді.
Жұмыс сапары барысында ол Павлодар қаласындағы өрт сөндіру бөлімдері мен құтқару станциясының жұмысымен танысып, азаматтық қорғау жүйесінің бірқатар нысандарының құрылыс барысын көрді, атқарылып жатқан жұмыстарды қарап, жобалардың іске асырылу барысын бағалады.
Сондай-ақ басшылық пен жауапты лауазымды тұлғалардың қатысуымен жұмыс кеңесі өтті. Жиында бөлімшелердің қызметі, инфрақұрылымды дамыту, сондай-ақ азаматтық қорғау күштері мен құралдарының әзірлігі мәселелері жан-жақты талқыланды.
Кеңес қорытындысы бойынша Рамиль Камалов қойылған міндеттердің уақтылы орындалуын, белгіленген мерзімдердің сақталуын және өңірдегі азаматтық қорғау жүйесін одан әрі дамытуды қамтамасыз ету жөнінде бірқатар тапсырма берді.









