🔹«Атриум Актобе» ЖШС өкілдерімен кездесу өтті

    🔹«Атриум Актобе» ЖШС өкілдерімен кездесу өтті

    2026 жылғы 7 қазанда «Атриум Актобе» ЖШС мекеме өкілдерімен Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті басшысының міндетін атқарушысы Кемалов Б.Б. -мен кездесу өткізілді.

    Кездесу барысында Қазақстан Республикасының қолданыстағы еңбек заңнамасының талаптары, еңбек қатынастарын дұрыс рәсімдеу, жұмыскерлердің еңбек құқықтары мен кепілдіктерін сақтау, сондай-ақ жұмыс берушілердің міндеттері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

    Кездесу соңында еңбек заңнамасы талаптарын сақтау және еңбек қатынастары саласында туындайтын мәселелердің алдын алу бойынша тиісті ұсынымдар берілді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "«Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі" жаңалықтары