ШҚО-да қоғамдық аумақтарды ластау деректерінің жолы кесілуде
Шығыс Қазақстан облысында «Таза Қазақстан» аясында қоғамдық орындардың тазалығы мен абаттандыру қағидаларын бұзғандарға қатысты шаралар қабылдау жалғасуда. Риддер және Өскемен қалаларында темекі тұқылын жерге тастау деректері тіркелді. Құқық бұзушыларды анықтауға бейнебақылау камералары көмектеседі.
Риддер қаласында құқық бұзушылықтар «Қазақстан» сауда үйіне қарама-қарсы орналасқан автотұрақта және «Гурман» дүкенінің жанында тіркелген. Құқық бұзушылардың бірі бейнебақылау камераларының көмегімен анықталды.
Өскемен қаласында да ұқсас жағдай «Удачи» дәмханасының автотұрағында болған. Ер адам темекі шегіп болып, тұқылын жерге тастаған. Полиция қызметкерлері барлық заң бұзушыны анықтап, оларды әкімшілік жауапкершілікке тартты. Бұзушылықтардың салдары жойылды.
Қоғамдық орындардың тазалығы қарапайым әдеттер мен айналаға деген құрметтен басталады.
Мұндай құқық бұзушылықтар үшін заңнамада жауапкершілік көзделген. «Заң мен тәртіп» қағидаты баршаға ортақ.
ШҚО ПД баспасөз қызметі









