«Заң мен тәртіп» жобасы аясында Қарақия ауданының Құланды ауылы алкогольсіз ауыл атанды.
Маңғыстау облысының прокуратурасы ұйымдастырған іс-шара барысында салауатты өмір салтын насихаттауға, қоғамдық қауіпсіздікті нығайтуға және құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған бастамалардың маңыздылығы атап өтілді.
Аталған бастаманы жүзеге асыруға қосқан үлесі үшін Құланды ауылының әкімі Оразғали Бекенбаев марапатталды.
Алкогольсіз ауыл бастамасы – тұрғындардың денсаулығын нығайтуға, жастарға дұрыс бағыт-бағдар беруге, отбасылық құндылықтарды сақтауға және ауылдағы тыныштық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған маңызды қадам.
Заң мен тәртіп – қауіпсіз қоғамның негізі!
Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.









