КЕНТАУДА «ЖҮРЕКТЕ – МЕЙІРІМ, ҚОЛДА – БІЛІМ» ТАҚЫРЫБЫНДА ҰСТАЗДАР КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

    1 / 8
    КЕНТАУДА «ЖҮРЕКТЕ – МЕЙІРІМ, ҚОЛДА – БІЛІМ» ТАҚЫРЫБЫНДА ҰСТАЗДАР КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ
    Кентау қаласында «Жүректе – мейірім, қолда – білім» тақырыбында Ұстаздар күніне арналған салтанатты шара өтті.
    Мерекелік жиынға қала әкімі Жандос Тасов, қалалық маслихат төрағасы Қаблан Елеусізов, «Әділет» партиясы Кентау қалалық филиалының хатшысы Арман Басаров, зиялы қауым өкілдері мен білім саласының ардагерлері, мектеп мұғалімдері, сала қызметкерлері қатысты.
    Шара барысында ұстаз еңбегінің ұрпақ тәрбиесі мен қоғам дамуындағы маңызына ерекше тоқталған қала әкімі барша ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтады.
    «Қазіргі таңда білім беру саласына қойылатын талап жоғары. Заман өзгерген сайын білім беру тәсілдері де жаңарып келеді. Цифрландыру, жаңа технологиялар мен жасанды интеллект дәуірінде шәкіртке сапалы білім берумен қатар, оны өзгермелі әлемге бейімдеу – ұстаздарға жүктелген маңызды міндет. Бала – біздің болашағымыз. Болашақтың жарқын болуы тек сапалы білімге емес, дұрыс тәрбиеге де байланысты. Балаға білім берумен қатар, оның бойына ұлттық құндылықтарымызды, үлкенге құрметті, кішіге ізетті, елге деген сүйіспеншілікті сіңіре білуіміз керек. Сонда ғана білімді ғана емес, тәрбиелі, елін ойлайтын, жауапкершілігі мол мықты ұрпақ қалыптастыра аламыз», – деді қала әкімі.
    Салтанатты шарада білім беру саласында ұзақ жылдар бойы абыройлы еңбек етіп, өскелең ұрпақтың сапалы білім мен саналы тәрбие алуына үлес қосқан бірқатар ұстаздар марапатталды. Оларға «Қалаға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісі табысталып, бірқатар ұстаздарға алғыс хаттар берілді.
    Мерекелік жиын барысында ұстаздық жолды өмірінің мәні еткен ардагер мұғалімдерге де құрмет көрсетіліп, олардың еңбегі кейінгі буынға үлгі екені атап өтілді.
    Ұлағатты ұстаздар мерекесі қаланың өнерпаздарының өнерімен ұласты.
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Кентау қаласы әкімдігінің аппараты" жаңалықтары