Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданының Әйке ауылында қайта жаңғыртудан өткен өрт сөндіру бекеті ашылды. Жаңартылған нысан төрт елді мекенде тұратын 3 512 тұрғынның өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл әсіресе аудан орталығынан шалғай орналасқан ауылдық елді мекендер үшін маңызды.
Өрт сөндіру бекеті тәулік бойы кезекшілік атқаруға бейімделген. Мұнда кезекші құрамның жұмыс істеуі мен тынығуына қолайлы жағдайлар жасалып, арнайы техниканы орналастыруға арналған гараж және қажетті тұрмыстық бөлмелер қарастырылған.
Толығырақ ресми сайтымыздан және 112 KZ Telegram арнамыздан оқыңыздар