Ақтөбенің өнері – елорда төрінде!

    Облыс әкімі Асхат Шахаровтың Астана қаласында өтіп жатқан Aqtobe Creative Days креативті көрме-жәрмеңкесі туралы жазбасы:

    Ақтөбенің өнері – елорда төрінде!

    Бүгін Астанада Aqtobe Creative Days көрме-жәрмеңкесінің ашылуына қатыстым.

    Көрмеде 100-ден астам жерлесіміз 30-ға жуық бағыт бойынша өз өнімдері мен шығармашылық жобаларын таныстырды.

    Ұлттық қолөнер, сән, музыка, театр, әдебиет пен IT саласындағы тың бастамалар – Ақтөбенің бай мұрасы мен заманауи мүмкіндіктерінің айқын көрінісі.

    Атадан қалған асыл өнерді жаңғыртып, ұлттық құндылықтарды жаңа бағыттармен ұштастырып жүрген жерлестеріміздің еңбегі ерекше құрметке лайық.

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы креативті индустрия - уақыт талабы, оны дамытуымыз аса қажет екенін бірнеше мәрте атап өтті. Өйткені, бұл – экономиканы әртараптандыру, жаңа жұмыс орындарын ашу және өңірдің туристік-мәдени әлеуетін арттырудың маңызды тетігі. Сондықтан Ақтөбеде де шығармашылық индустрияны дамытуға, талантты азаматтарды қолдауға, жергілікті брендтердің өрісін кеңейтуге және өңіріміздің шығармашылық әлеуетін жаңа деңгейге көтеруге әрдайым басымдық береміз.

    Ақтөбелік креаторлардың еңбегіне қолдау білдіріп, шараға қатысқан Мәдениет және ақпарат министрі Арман Оразбайұлына алғысымды білдіремін.

    Астана қаласының тұрғындары мен қонақтарын ертең де жалғасатын көрме-жәрмеңкені тамашалауға шақырамын!

    Өнеріміз өркендеп, өңіріміздің шығармашылық әлеуеті арта берсін!

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Әйтеке би ауданы әкімдігі" жаңалықтары