35 жылдық тарих – елге қызмет жолы

    Әйтеке би ауданында Қазақстан Республикасы Салық қызметінің құрылғанына 35 жыл толуына орай мерекелік жиын ұйымдастырылды.

    Салтанатты жиынға мемлекеттік кірістер саласының ардагерлері, сала қызметкерлері және еңбек жолын осы бағытпен байланыстырған азаматтар қатысты.

    Шара барысында аудан әкімі Д.Тоғызбаев сала ардагерлерін айтулы мерекемен құттықтап, мемлекеттік кірістер жүйесінің қалыптасуы мен дамуына үлес қосқан бірқатар азаматтарды марапаттады.

    Жиында Салық органдары ардагерлер кеңесінің Ақтөбе облысы бойынша төрағасы С.Аманбаев сөз сөйлеп, сала ардагерлеріне ақжарма тілегін жеткізді.

    Жиын аясында ұзақ жылдар бойы салық саласында қажырлы еңбек етіп, ел экономикасының дамуына өз үлесін қосқан ардагерлер мен қызметкерлердің еңбегі ерекше аталып өтті.

    35 жыл – бұл тарих, тәжірибе және сабақтастық. Бұл – жауапкершілікпен атқарылған еңбек пен ел игілігіне бағытталған адал қызметтің 35 жылы.

    Сала ардагерлеріне зор денсаулық, отбасыларына амандық, ал салада қызмет етіп жүрген мамандарға кәсіби жетістіктер тілейміз!

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Әйтеке би ауданы әкімдігі" жаңалықтары