1 / 4
Кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жасөспірімдердің түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз жүруіне жол бермеу мақсатында «Түнгі рейд» профилактикалық іс-шарасы ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында жасөспірімдердің қауіпсіздігіне баса назар аударылып, олардың құқықтары мен қауіпсіздігін қорғау, құқықбұзушылықтың алдын алу бағытында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Бала қауіпсіздігі – ортақ міндет! Жас ұрпақтың амандығы мен жарқын болашағы үшін әрқайсымыз жауаптымыз.









