ТҮРКІСТАНДА «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮЙЕЛІ ЖАЛҒАСУДА

    1 / 16
    Түркістан қаласында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында жалпықалалық сенбілік әр сенбі сайын ұйымдастырылып, тазалық жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде.
    Бүгін қала әкімдігіне қарасты бөлімдер мен мекеме қызметкерлері өздеріне бекітілген аумақтардағы көшелер мен қоғамдық орындарды қоқыстан тазартып, шөп шабу жұмыстарын атқарды.
    Сенбілік жұмыстары Ы. Исмайлов, Шойынбет би, Одақтақ, Т. Қайратов, С. Жарылқапов, Р. Сейітметов, Байылдыр, Арыс, Жабағылы, Келіншектау, Бөген, Құлтөбе, Т. Айменов, Үш төбе, Тұран, С. Ыбыракимов, Құдас Жүнісбеков, Қойлық, Рысқұлов, Қалдаяқов, Отырар, Дәулет және Сапарбай болысы көшелерінде, сондай-ақ бірқатар бұрылыс аумақтарында жүргізілді.
    Түркістанның таза, көрікті әрі жайлы қала болуы – баршамызға ортақ жауапкершілік. Осы ретте қала тұрғындарын қоршаған ортаға жанашырлықпен қарап, тазалықты сақтауға, қоқысты белгіленбеген орындарға тастамауға және қаланың көркеюіне өз үлесін қосуға шақырамыз.
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Түркістан қаласы әкімінің аппараты" жаңалықтары