Софья Самоделкина Денис Тен мемориалында қола медаль жеңіп алды

    Алматыда мәнерлеп сырғанаудан «Челленджер» сериясындағы Денис Тен мемориалы жалғасып жатыр. Бүгін Қазақстан құрамасының өкілі Софья Самоделкина әйелдер арасындағы жекелей сында өнер көрсетіп, нәтижесінде үшінші орынға ие болды.

    Жаңа Rivals атты шығармасымен еркін бағдарламасын орындаған отандасымыз 134,91 ұпай жинап, осы кезеңде екінші орын алды. Екі бағдарламаның қорытындысы бойынша, Софья Самоделкина 204,36 ұпаймен турнирдің қола жүлдегері атанды.

    Бейтарап мәртебеде өнер көрсеткен ресейлік Александра Игнатова 226,01 ұпаймен жеңіске жетті. Оңтүстік Корея өкілі Ким Юджэ 209,20 ұпай жинап, күміс медаль иеленді.

    Қазақстанның өзге спортшылары төмендегідей орындарға тұрақтады: Нұрия Сүлеймен – 14-орын, Алика Халимова – 15-орын, Амира Ирматова – 16-орын, Зере Сарбалина – 18-орын, Амина Алексеева – 19-орын.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті" жаңалықтары