Қазақстан Республикасында медициналық-әлеуметтік сараптама (МӘС) жүргізу Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне және 2023 жылы бекітілген Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Медициналық-әлеуметтік сараптаманың мүгедектік тобы, мерзімі мен себебі, сондай-ақ еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесі туралы шешімімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы оны шағымдануға құқылы.
Куәландырылатын адам немесе оның заңды өкілі сараптамалық қорытындымен келіспеген жағдайда, оны алған күннен бастап үш айдан кешіктірмей Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің аумақтық департаментіне шағым бере алады.
Көзбе-көз куәландыру нәтижелерімен келіспеген жағдайда, шағым бақылауды жүзеге асыратын медициналық-әлеуметтік сараптаманың басқа бөлімімен қаралады. Шағымды қарау шеңберінде медициналық құжаттар зерделеніп, пациент қайта куәландырылады және объективті тексеруден өтеді. Қажет болған жағдайда медициналық құжаттарда көрсетілген диагнозды және функционалдық бұзылулар дәрежесін нақтылау үшін кардиологтар, онкологтар, офтальмологтар, педиатрлар, психологтар және басқа да бейінді мамандар консультант ретінде тартылуы мүмкін.
Заочно проактивті куәландыру нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы немесе оның заңды өкілі тұрақты тіркелген жері бойынша Комитеттің аумақтық департаментіне шағым береді.
Мұндай шағымды қарау медициналық құжаттар негізінде басқа өңірдің МӘС әдіснамасы және бақылау жөніндегі экстерриториялық бөлімімен сырттай проактивті форматта жүзеге асырылады.
МӘС әдіснамасы және бақылау жөніндегі экстерриториялық бөлім медициналық-әлеуметтік сараптама актісінің иесіздендірілген деректері негізінде материалдар келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде сараптамалық қорытынды шығарады.
Көзбе-көз немесе сырттай проактивті куәландыру нәтижелеріне берілген шағымды қарау қорытындысы бойынша тиісті бөлім жаңа дербес шешім қабылдауы мүмкін.
Әрбір азамат медициналық-әлеуметтік сараптаманың шешіміне заңнамада белгіленген тәртіппен шағымдануға құқылы.







