ӘЛЕУМЕТТІК ТӨЛЕМДЕР ЖҮЙЕСІНДЕГІ ӨЗГЕРІСТЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

    ӘЛЕУМЕТТІК ТӨЛЕМДЕР ЖҮЙЕСІНДЕГІ ӨЗГЕРІСТЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ
    Әлеуметтік қолдау жүйесін жетілдіру мақсатында 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап әлеуметтік төлемдерді тағайындаудың жаңа тәсілі енгізіледі.
    Реформаның негізгі мақсаты – әлеуметтік көмекті жекелеген санаттарға ғана емес, отбасының нақты мұқтаждық деңгейін ескере отырып, атаулы түрде көрсету.
    Осыған байланысты әлеуметтік саладағы өзгерістерді халыққа түсіндіру және ақпараттандыру мақсатында Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Мадияр Әліповтің төрағалығымен мәжіліс өтті.
    Жиында әлеуметтік төлемдерді оңтайландырудың негізгі бағыттары, отбасының әлеуметтік әл-ауқатын бағалау тәртібі және 2027 жылдан бастап енгізілетін жаңа тәсілдер түсіндірілді. Жаңа жүйе бойынша отбасының әл-ауқат деңгейі мемлекеттік ақпараттық жүйелердегі деректер негізінде автоматты түрде бағаланады.
    Реформа аясында әлеуметтік төлемдердің 14 түрін тағайындау кезінде отбасының цифрлық картасы арқылы оның әл-ауқат деңгейі ескерілетін болады. Бұл ретте әлеуметтік қолдауға шынымен мұқтаж азаматтарға көмекті тиімді әрі атаулы түрде бағыттау көзделген.
    Жиында жаңа жүйенің негізгі қағидаттары түсіндіріліп, азаматтардың сұрақтарына жауап берілді. Базалық мемлекеттік әлеуметтік кепілдіктер сақталады, ал реформаның басты мақсаты – бюджет шығыстарын қысқарту емес, мемлекеттік ресурстарды халық арасында неғұрлым әділ әрі тиімді бөлу.
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Түркістан қаласы әкімінің аппараты" жаңалықтары