«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА АУҚЫМДЫ СЕНБІЛІК ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

    1 / 11
    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында Сарыағаш ауданында ауқымды тазалық жұмыстары жүргізілді.
    Таңғы сағат 09:00-де басталған сенбілікке аудан әкімі Арман Абдуллаев, қала және 13 ауылдық округ әкімдіктерінің өкілдері, мемлекеттік мекемелер мен бөлім қызметкерлері қатысты.
    Іс-шара барысында жол бойлары мен елді мекендердің ішкі көшелері тазартылып, бейберекет тасталған қоқыстар жиналды. Сонымен қатар шөптер шабылып, қураған ағаштардың бұтақтары кесілді.
    Аудан әкімі Арман Абдуллаев тазалық сақтау мен қоршаған ортаны қорғаудың маңыздылығына тоқталып, тұрғындарды «Таза Қазақстан» акциясына белсенді қатысуға шақырды.
    Аталған шараның негізгі мақсаты – ауданның санитарлық тазалығын қамтамасыз ету, тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру және табиғатқа жанашырлықпен қарауды насихаттау.
    Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Сарыағаш ауданы әкімінің аппараты" жаңалықтары