Приозерск қаласында жылу маусымын 10 қазанда бастау жоспарланып отыр. Жаз айларында қаладағы қазандық пен коммуналдық желілерде қысқа дайындық жұмыстары жүргізілді.
Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаевтың жұмыс сапары барысында Приозерскінің қысқы маусымға дайындығы туралы баяндалды.
Қалалық қазандық 1974 жылдан бері жұмыс істеп келеді. «Сарышаған Сужылу – 2014» ЖШС басшысы Руслан Ғалымжановтың айтуынша, жаз бойы мұнда үш қазан, жылу алмастырғыштар және басқа да жабдықтар жөнделіп, деаэратор мен түтін сорғыш ауыстырылған. Сондай-ақ мазут қоры жасақталып, қысқы кезеңге қажетті отын көлемін жеткізуге келісімшарт жасалды.
Қалада коммуналдық желілер де жаңартылып жатыр. Биыл 3,5 шақырым жылу желісі ауыстырылды. Оның ішінде тұрғын үйлерге тартылған 400 метр құбыр бар. Жылу шығынын азайту үшін құбырларға оқшаулау жұмыстары жүргізілуде. Бұдан бөлек, 800 метр жаңа су құбыры желісі тартылды.
Бәйтерек көшесінде кәріз желісінің құрылысы жалғасып жатыр. Жоспарланған 817 метрдің 650 метрі тартылды. Жұмыс аяқталғаннан кейін тұрғын үйлер орталық су бұру жүйесіне қосылады.
Ермағанбет Бөлекпаев аралаған нысандардың бірі – жағалау аумағы. Оны абаттандыру үш кезеңге жоспарланған. Қазір су-құтқару станциясы орналасқан аумақтағы бірінші учаскедегі жұмыстар аяқталуға жақын. Алдағы уақытта жағалауды «Ақ бағаналар» деп аталатын алғашқы құрылысшыларға арналған ескерткішке дейін ұзарту жоспарланып отыр. Жалпы абаттандырылатын аумақтың көлемі 7 мың шаршы метрден асады.
Қалалық жағажай аумағында автотұрақ, балалар және футбол алаңдары, санитарлық тораптар мен киім ауыстыратын орындар абаттандырылды.
Сонымен қатар Приозерскіде қаланың дизайн-коды әзірленді. Жаңа жобаларды жүзеге асыру үшін жер телімдері белгіленіп, олар инвесторларға ұсынылуда.
– Приозерскіде туризмді дамытуға мүмкіндік мол. Қаланың дизайн-коды әзірленді. Ендігі міндет – бизнеспен жұмыс істеп, кәсіпкерлерге өз нысандарын ретке келтірудің маңызын түсіндіру. Өйткені мұның барлығы қаланың келбетіне әсер етеді. Сонымен қатар бос жер телімдері бар. Кәсіпкерлік дамуы үшін оларды қызығушылық танытқан барлық инвесторларға ұсыну қажет, – деді Ермағанбет Бөлекпаев.
Приозерск қаласында жылу маусымы
Ұқсас материалдар

В гепатитінің алдын алу
Әуезов ауданы әкімінің аппаратыАшу
ӘУЕЗОВ АУДАНЫ ӘКІМІ АППАРАТЫНЫҢ ҚОЛДАУЫМЕН ҮСТЕЛ ТЕННИСІНЕН ҚАЛАЛЫҚ ТУРНИР ӨТТІ
Әуезов ауданы әкімінің аппаратыАшу
Алматыда инклюзивті ортаны дамыту және әлеуметтік қолдау шаралары талқыланды
Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасыАшу
2029 жылға дейін Ақмола облысының Көкшетау қаласы мен солтүстік аудандарына табиғи газ жеткізіледі
Ақмола облысының әкімдігіАшу
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша оқыту семинары өткізілді
Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаментіАшу
"Приозерск қаласының әкімдігі" жаңалықтары

Облысәкімі халықпен кездеседі
Приозерск қаласының әкімдігіАшу
Мемлекеттік қызметтер үйде көрсетіледі: қазақстандықтар дербес менеджер сервисін таңдауда
Приозерск қаласының әкімдігіАшу
Қазақстандықтар ХҚКО-ларда 1,5 миллионнан астам төлқұжат пен жеке куәлік рәсімдеді
Приозерск қаласының әкімдігіАшу
Қазақстан халықаралық делегацияға мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы цифрлық шешімдерді таныстырды
Приозерск қаласының әкімдігіАшу
Астана күнімен!
Приозерск қаласының әкімдігіАшу