Құтырма ауруының алдын алу
Павлодар облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бөлім басшысы Құралай Абдрахманова «Ирбис» телеарнасының «Айтарым бар» бағдарламасына қатысып, құтырма ауруының алдын алу туралы айтып берді.
Бағдарлама барысында құтырма ауруының таралу жолдары, оның адам денсаулығына тигізетін әсері, аурудың алдын алу шаралары және жануарлар тістеген немесе тырнаған жағдайда дер кезінде медициналық көмекке жүгінудің маңыздылығы туралы сөз болды.
Құралай Теміртасқызы, құтырма ауруының алдын алуда сақтық шараларын сақтау, жануарлармен қарым-қатынас кезінде жауапкершілік таныту және халықтың аурудың алдын алу жолдары туралы ақпараттан хабардар болуы маңызды екенін атап өтті.









