
Астанада ядролық төтенше жағдайларға ден қою мәселелері бойынша үш күндік семинар өтуде
2026 жылғы 29 қыркүйек – 1 қазан аралығында Қазақстан мен АҚШ арасындағы ынтымақтастық шеңберінде ядролық төтенше жағдайларға ден қою мәселелеріне арналған семинар ұйымдастырылуда.
Іс-шараға ядролық және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге тартылған Қазақстанның мемлекеттік органдары мен ұйымдарының, оның ішінде Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық бөлімшелерінің өкілдері, сондай-ақ АҚШ сарапшылары қатысуда.
Семинар барысында қатысушылар:
- төтенше жағдайларға ден қоюдың негізгі кезеңдерін;
- мемлекеттік органдардың функциялары мен жауапкершілігін;
- төтенше жағдайлар кезінде өзара іс-қимыл тетіктерін;
- күрделі жағдайларда шешім қабылдау тәсілдерін талқылауда.
Іс-шара Қазақстан мен АҚШ арасындағы тәжірибе алмасуға, мамандардың кәсіби құзыретін арттыруға және ядролық және радиациялық қауіпсіздік саласындағы өзара іс-қимылды нығайтуға бағытталған.








