Приозерск қаласының әкімдігі

    Жалпы ақпарат

    "Приозерск қаласы әкімінің аппараты" ММ қала әкімінің қызметін ұйымдастыру - құқықтық, ақпараттық -талдау және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын атқарушы өкімдік орган болып табылады.

    Өз қызметін Қазақстан Республиксының Конституциясына және Заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентінің және Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге сондай- ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар

    Сұрақ-жауап

    Сұрақ

    Әлеуметтік көмекті алу құқығы кімдерге беріледі және құжаттарды қалай тапсыру қажет?

    Жауап

    Әлеуметтік көмек алуға келесі категориядағы азаматтар құқылы: - Төмен табысты отбасы және өмір сүру минимумы төмен азаматтар. - Зейнеткерлер және мүгедектігі бар тұлғалар. - Жеке ата-аналар, көпбалалы отбасылар. - Ветерандар және мемлекеттік қолдау бағдарламаларының қатысушылары. Әлеуметтік көмек алу үшін келесі құжаттарды тапсыру қажет: - Жәрдемақы тағайындауға өтініш. - Жеке басын куәландыратын құжаттар (жеке куәлік, төлқұжат). - Отбасының немесе азаматтың табысын растайтын құжаттар.

    Сұрақ

    Қаңғыбас иттер мәселесі қалай шешіледі?

    Жауап

    Қала аумағындағы қаңғыбас иттерді аулау және реттеу жұмыстары бекітілген жоспарға сәйкес мамандандырылған ұйымдар арқылы жүргізіледі. Тұрғындардан өтініштер түскен жағдайда көрсетілген мекенжай бойынша тексеру жүргізіліп, қажет болған жағдайда қаңғыбас иттерді аулау жұмыстары ұйымдастырылады. Бұл жұмыстар қолданыстағы заңнама талаптарына және жануарларға жауапкершілікпен қарау қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

    Сұрақ

    Тұрғын үйді жекешелендіру қалай жүзеге асырылады?

    Жауап

    Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді жекешелендіру — электрондық форматта көрсетілетін мемлекеттік қызмет болып табылады. Бұл қызмет Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді жекешелендіру қағидалары негізінде жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі — 30 күнтізбелік күн.

    Сұрақ

    Мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспананы қалай алуға болады?

    Жауап

    2024 жылғы 2 қарашада ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев тұрғын үй саясатын реформалау туралы заңға қол қойды. Заңнамаға енгізілген өзгерістерге сәйкес, 2025 жылдың 24 мамырынан бастап тұрғын үйді бөлу, кезекке қою және тұрғын үй алу мәселелерімен «Отбасы банк» АҚ айналысады. Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңына сәйкес, мемлекеттік тұрғын үй қорынан пәтерлер тек тұрғын үйге мұқтаж азаматтардың кезегі бойынша беріледі.

    Сұрақ

    Приозерск қаласында жаңа балабақшаның құрылысы қашан басталады?

    Жауап

    2024 жылдың желтоқсан айында Қарағанды облысының құрылыс басқармасы 320 орындық балабақша құрылысына арналған жобалық-сметалық құжаттаманы дайындады. 2025 жылдың қыркүйек айында Қарағанды облысының құрылыс басқармасы жаңа балабақша құрылысын жүргізу бойынша конкурстық рәсімдер өткізді. Конкурс нәтижесі бойынша мердігер «Еділ-Строй Сервис» ЖШС ұйым болып анықталды. Техникалық қадағалауды «Стройтехнология» ЖШС жүзеге асырады, ал авторлық қадағалауды «Строй Аст» компаниясы жүргізеді. Қазіргі уақытта жаңа балабақшаның құрылысы басталды.

    Сұрақ

    Тұрғын үйлердің шатыры қашан жөнделеді?

    Жауап

    Тұрғын үйлердің шатырын жөндеу жұмыстары ағымдағы немесе күрделі жөндеу жоспарына сәйкес жүргізіледі. Бұл жоспар қалалық әкімдік тарапынан бекітіледі. Жұмыстар шатырдың техникалық жағдайын тексеріп, қажетті жөндеу көлемін анықтағаннан кейін мамандандырылған ұйымдар арқылы орындалады. Жөндеу мерзімдері қаржыландыруға және ағымдағы кезеңге арналған жұмыс жоспарларына байланысты болады. Жөндеу жұмыстарының басталуы мен барысы туралы тұрғындарға алдын ала хабарланады.

    Ақпарат

    «Қарағанды облысы Приозерск қаласы әкімінің аппараты» ММ бағалаушыларды іріктеу туралы ХАБАРЛАМА

    «Қарағанды облысы Приозерск қаласы әкімінің аппараты» ММ бағалаушыларды іріктеу туралы ХАБАРЛАМА «Б» корпусының бос және уақытша бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға конкурстық комиссия құрамына енгізу үшін келесі бағыттар бойынша бағалаушыларды іріктеуді жүргізеді: - жер қатынастары, сәулет, қала құрылысы функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда, оның ішінде ғылыми салада кемінде үш жыл жұмыс тәжірибесі бар болуы, немесе персоналды басқару жөніндегі мамандары мен басқа да мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері болуы қажет. Бағалаушы ретінде қатысуға ниет білдірген адамдар eqyzmet.gov.kz интернет-порталында тіркелуі және[email protected]электрондық поштасына еңбек жолын растайтын құжаттарды жолдауы қажет. Іріктеуге қатысу үшін өтінім беру мерзімдері: 2026 жылғы 17 қарашадан бастап 25 қарашаға дейін аралығы.

    Жарияланды:
    Ақпарат

    «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

    «Б»корпусыныңбосмемлекеттікәкімшіліклауазымдарғаорналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру `Приозерскқаласыәкімініңаппараты'мемлекеттікмекемесі Конкурстуралыақпарат Құжаттардықабылдаумерзімі:17.11.2026-18.11.2026 Қабылдау1этап:17.11.2026-18.11.2026 Қабылдау2этап:19.11.2026 Эссе:20.11.2026 Сұхбат:25.11.2026 Анықтамателефоны:87103954274 E-R-3санатүшінорташалауазымдықжалақы:327923 (Лауазымдықжалақынақтықызметкердіңжұмысөтілінебайланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін) Лауазыматауы: "Қарағанды облысы Приозерск қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің сектор меңгерушісі, E-R-3 (Лауазым мәртебесі: Бос) Функционалдықміндеттері: Қала аумағында жер қатынастарын, сәулет және қала құрылысын реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады. Жергілікті атқарушы органның жер учаскелерін беру және олардың нысаналы мақсатын өзгерту жөніндегі, жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеумен және барлаумен байланысты жер қойнауын пайдалану мақсаттары үшін жер учаскелерін беру жөніндегі, мемлекеттік мұқтаждар үшін жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығару жөніндегі ұсыныстары мен шешімдерінің жобаларын дайындайды. Иесіз жер учаскелерін анықтау және оларды есепке қою бойынша жұмыстар жүргізеді. Жер учаскелерінің бөлінгіштігі мен бөлінбейтіндігін анықтайды. Жерге орналастыруды жүргізуді және жер учаскелерін қалыптастыру бойынша жерге орналастыру жобаларын бекітуді ұйымдастырады. Жер сауда-саттығын (конкурстар, аукциондар) өткізуді ұйымдастырады. Қала балансын жасайды, жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың, сондай-ақ жер құқықтық қатынастарының басқа да субъектілерінің есебін жүргізеді. Жер учаскесін сатып алу, сату, жалдау және уақытша өтеусіз жер пайдалану шарттарын жасасады. Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылмайтын және пайдаланылатын жерлерді анықтау бойынша жұмыс жүргізеді. Құзыретіне кіретін мәселелер бойынша сотта бөлімнің мүдделерін білдіреді. Сектордың жұмысын басқарады. Білімібойыншаталап: Жоғарыбілім,жоғарыоқуорнынанкейінгібілім,ортабілімненкейінгі білім,кәсібибілім:құқық,сәулетжәнеқұрылыс Жұмыстәжірибесібойыншаталаптар: жоғарыоқуорнынанкейінгінемесежоғарынеортабілімненкейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім; жұмыстәжірибесікелесіталаптардыңбірінесәйкесболуытиіс: 1)жұмысөтілібіржылданкемемес; Шағымжасаутәртiбi Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Ішкі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау нәтижелері бойынша айқындалған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне бейім лауазымдар тізбесі

    Приозерск қаласы әкімінің аппаратының басшысы ________________ Ж. Ануарбеков «____» __________ 2026 жыл Ішкі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау нәтижелері бойынша айқындалған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне бейім лауазымдар тізбесі Ішкі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау объектісінің атауы Приозерск қаласының жергілікті атқарушы органы, квазимемлекеттік сектор субъектісі № Сыбайлас жемқорлық тәуекеліне бейім лауазым Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар лауазымдық өкілеттіктер Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері 1 «Приозерск қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ басшысы Жер учаскелерін беру және қала құрылысы құжаттамасын ресімдеу Дискрециялық өкілеттіктердің шоғырлануы; шешімдерді объективті емес қабылдау; жекелеген өтініш берушілерге артықшылықтар беру; лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану Қызмет алушының ЭЦҚ-сын пайдалана отырып, электрондық өтініштерді беруге жәрдемдесу ЭЦҚ-ны рұқсатсыз пайдалану; өтініш берушінің атынан әрекеттер жасау; өтініштің мазмұнын өзгерту; қызметтік өкілеттіктерді теріс пайдалану 2 «Приозерск қаласының құрылыс бөлімі» ММ басшысы Құрылысы аяқталған объектілерді қабылдауға және орындалған жұмыстар туралы құжаттарды қарауға қатысу Жойылмаған кемшіліктер немесе сәйкессіздіктер болған жағдайда құжаттарға қол қою; лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану 3 «Приозерск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ басшысы Электрондық мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық қауіпсіздік талаптарын бұзу. Мемлекеттік орган мамандарының электрондық мемлекеттік қызметтерді алуға жәрдемдесу барысында қызмет алушылардың ЭЦҚ-сын пайдалануы, бұл дербес деректерге заңсыз қол жеткізуге, азаматтардың тікелей қатысуынсыз олардың атынан әрекеттер жасауға және қызметтік өкілеттіктерді теріс пайдалануға әкеп соғу қаупін туғызады. Санаторийлік-курорттық емделудің нақты мерзіміне тиісті бақылаудың болмауы Азаматтар санаторийлік-курорттық ұйымдарда белгіленген мерзімнен аз уақыт нақты болған жағдайда да қызметтерді толық көлемде қабылдау және ақы төлеу мүмкіндігі, бұл көрсетілмеген қызметтер үшін негізсіз ақы төлеу және қызмет көрсетушілерге заңсыз артықшылықтар беру тәуекелін туғызады. 4 «Приозерск қаласының мемлекеттік активтер және мемлекеттік сатып алу бөлімі» ММ басшысы Мемлекеттік сатып алуды бір көзден алу тәсілімен жүзеге асыру кезінде өнім берушіні таңдаудың ашық тетігінің болмауы Қайталама конкурстар, аукциондар және баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен өткізілген мемлекеттік сатып алулар өтпеді деп танылған жағдайда әлеуетті өнім берушіні таңдаудың белгіленген өлшемшарттары мен ашық тәртібінің болмауы тапсырыс берушінің шешімдерді субъективті қабылдауына, жекелеген өнім берушілерге негізсіз артықшылықтар берілуіне және лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалануына жағдай туғызады. 5 «Сарышаған Су жылу-2014» ЖШС директоры Сумен жабдықтау және су бұру желілеріне қосылуға арналған техникалық шарттарды беру рәсімінің ашық болмауы Өтініштерді кәсіпорынның тікелей қабылдауы тұтынушылардың жауапты қызметкерлермен тікелей байланыс жасауына жағдай туғызады, сондай-ақ шешімдерді субъективті қабылдау, жекелеген өтініш берушілерге негізсіз артықшылықтар беру немесе техникалық шарттарды беруден заңсыз бас тарту тәуекелдерін туындатады Суық су есептеу құралдарының көрсеткіштерін бұрмалау Абоненттік бөлім бақылаушыларының есептеу құралдарының көрсеткіштерін алу кезінде тұтынушылармен сөз байласу, оның ішінде суды нақты тұтыну көрсеткіштерін қасақана төмендету мүмкіндігі, бұл көрсетілген қызметтер үшін есептелетін төлемақы сомасының негізсіз азаюына әкеп соғуы мүмкін.

    Жарияланды:
    Ақпарат

    «Қарағанды облысы Приозерск қаласы әкімінің аппараты» ММ бағалаушыларды іріктеу туралы ХАБАРЛАМА

    «Қарағанды облысы Приозерск қаласы әкімінің аппараты» ММ бағалаушыларды іріктеу туралы ХАБАРЛАМА «Б» корпусының бос және уақытша бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға конкурстық комиссия құрамына енгізу үшін келесі бағыттар бойынша бағалаушыларды іріктеуді жүргізеді: - экономика және қаржы функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда, оның ішінде ғылыми салада кемінде үш жыл жұмыс тәжірибесі бар болуы, немесе персоналды басқару жөніндегі мамандары мен басқа да мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері болуы қажет. Бағалаушы ретінде қатысуға ниет білдірген адамдар eqyzmet.gov.kz интернет-порталында тіркелуі және[email protected]электрондық поштасына еңбек жолын растайтын құжаттарды жолдауы қажет. Іріктеуге қатысу үшін өтінім беру мерзімдері: 2026 жылғы 11 қарашадан бастап 18 қарашаға дейін аралығы.

    Жарияланды:
    Ақпарат

    «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

    «Б»корпусыныңбосмемлекеттікәкімшіліклауазымдарғаорналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру `Приозерскқаласыәкімініңаппараты'мемлекеттікмекемесі Конкурстуралыақпарат Құжаттардықабылдаумерзімі:11.11.2026-12.11.2026 Қабылдау1этап:11.11.2026-12.11.2026 Қабылдау2этап:13.11.2026 Эссе:14.11.2026 Сұхбат:18.11.2026 Анықтамателефоны:87103954274 E-R-3санатүшінорташалауазымдықжалақы:327923 (Лауазымдықжалақынақтықызметкердіңжұмысөтілінебайланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін) Лауазыматауы: "Қарағанды облысы Приозерск қаласының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің сектор меңгерушісі, E-R-3 (Лауазым мәртебесі: Бос) Функционалдықміндеттері: Бөлімнің бюджет секторының қала бюджетін жоспарлау және атқару, түсімдердің жиынтық жоспарларын, төлемдер мен міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарларын жасау, бекіту және жүргізу, бюджеттік мониторингті жүзеге асыру, бюджеттің атқарылуы бойынша бюджеттік есепке алу мен есептілікті жүргізу, бюджет ақшасын басқару бойынша жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын жергілікті атқарушы органдар қызметінің тиімділігін бағалау жөніндегі жұмысын ұйымдастырады. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджетті жоспарлау және атқару жөніндегі қызметін үйлестіреді. Қалалық бюджеттің қолма-қол ақшаныбақылау шотында ақша қозғалысының мониторингін жүргізудіұйымдастырады. Үш жылдық кезеңге арналған қала бюджетінің жобасын әзірлейді. Қала бюджетін бекіту және нақтылау туралы мәслихат шешімдерінің жобаларын дайындайды. Мәслихат шешімдерін іске асыру бойынша қаулы жобаларын дайындайды. Бюджеттік комиссияның материалдары мен хаттамаларын дайындайды. Білімібойыншаталап: Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгі білім, кәсіби білім: бизнес және басқару Жұмыстәжірибесібойыншаталаптар: жоғарыоқуорнынанкейінгінемесежоғарынеортабілімненкейінгі немесетехникалықжәнекәсіптікбілім; жұмыстәжірибесікелесіталаптардыңбірінесәйкесболуытиіс: 1)жұмысөтілібіржылданкемемес; Шағымжасаутәртiбi Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату бойынша сауда-саттық (аукцион) өткізу туралы хабарландыру

    Жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату бойынша сауда-саттық (аукцион) өткізу туралы хабарландыру Құрметті әлеуетті сауда-саттыққа қатысушылар! «Приозерск қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ 2026 жылғы 12 қарашада сағат 10:00-де (Астана қаласының уақыты бойынша) мемлекеттік мүлік тізілімінің www.gosreestr.kz веб-порталында (бұдан әрі – Портал) бағаны көтеру әдісімен жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату бойынша электрондық аукцион өткізілетінін хабарлайды. № Жер учаскесінің орналасқан жері Жер учаскесінің нысаналы мақсаты Жер учаскесінің ауданы, га Бастапқы бағасы, теңге Жер учаскесіне құқық түрі Жылдық жалдау ақысы Кепілдік жарна, теңге Жер учаскесіне қойылған ауыртпалықтар (шектеулер) 1 Приозерск қаласы, Абай көшесі Гараж салу үшін 0,0048 16 176 Уақытша жер пайдалану құқығы 709 216 250 – 2 Приозерск қаласы, Абай көшесі Гараж салу үшін 0,0048 16 176 Уақытша жер пайдалану құқығы 709 216 250 – 3 Приозерск қаласы, Гранитный проезд тұйық көшесі Гараж салу үшін 0,0048 16 176 Уақытша жер пайдалану құқығы 709 216 250 –

    Жарияланды: