Приозерск қаласында жаңа балабақшаның құрылысы қашан басталады?
2024 жылдың желтоқсан айында Қарағанды облысының құрылыс басқармасы 320 орындық балабақша құрылысына арналған жобалық-сметалық құжаттаманы дайындады.
2025 жылдың қыркүйек айында Қарағанды облысының құрылыс басқармасы жаңа балабақша құрылысын жүргізу бойынша конкурстық рәсімдер өткізді. Конкурс нәтижесі бойынша мердігер «Еділ-Строй Сервис» ЖШС ұйым болып анықталды.
Техникалық қадағалауды «Стройтехнология» ЖШС жүзеге асырады, ал авторлық қадағалауды «Строй Аст» компаниясы жүргізеді.
Қазіргі уақытта жаңа балабақшаның құрылысы басталды.