Мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспананы қалай алуға болады?
2024 жылғы 2 қарашада ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев тұрғын үй саясатын реформалау туралы заңға қол қойды. Заңнамаға енгізілген өзгерістерге сәйкес, 2025 жылдың 24 мамырынан бастап тұрғын үйді бөлу, кезекке қою және тұрғын үй алу мәселелерімен «Отбасы банк» АҚ айналысады.
Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңына сәйкес, мемлекеттік тұрғын үй қорынан пәтерлер тек тұрғын үйге мұқтаж азаматтардың кезегі бойынша беріледі.