Қала бойынша ағаштарды қашан бұтау жұмыстары жүргізіледі?
Қала аумағындағы ағаштарды санитарлық және қалыптастыру мақсатында бұтау жұмыстары жыл сайын жасыл желектерді күтіп-ұстау және қаланы абаттандыру жұмыстары аясында жүргізіледі. Бұтау жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес мамандандырылған ұйымдармен жүзеге асырылады. Қажет болған жағдайда және тұрғындардан өтініштер түскен кезде тиісті мекенжайлар жұмыс жоспарына енгізіледі. Жұмыстар жыл бойы кезең-кезеңімен орындалады.