Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша оқыту семинары өткізілді
Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен департамент қызметкерлеріне арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша оқыту семинары өткізілді.
Семинарға Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының басшысы М.Б. Алигулов қатысып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамаға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Іс-шара барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау, лауазымдық міндеттерді орындау кезінде заң талаптарын сақтау, сондай-ақ лауазымдық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін көзделген жауапкершілік мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар, департаменттің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында атқарған жұмыстарына тоқталып, мемлекеттік қызметшілердің заңнама талаптарын мүлтіксіз сақтауының және қызметтік әдеп қағидаларын ұстануының маңыздылығы атап өтілді.
Семинардың негізгі мақсаты – қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама жөніндегі білімін жетілдіру, құқықтық сауаттылығын арттыру және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу.
Оқыту семинары барысында М.Б. Алигулов сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және олардың алдын алу мақсатында жүргізілетін ішкі және сыртқы талдау тәртібі мен нормаларына кеңінен тоқталып, қатысушыларға түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Семинар соңында департамент қызметкерлері тарапынан қойылған барлық сұрақтарға жауап беріліп, тақырып аясында жан-жақты түсіндірмелер берілді.







