2029 жылға дейін Ақмола облысының Көкшетау қаласы мен солтүстік аудандарына табиғи газ жеткізіледі

    1 / 9

    Көкшетау қаласында тозығы жеткен тұрғын үйлерді реновациялаумен қатар, көппәтерлі тұрғын үйлерді жаңғырту жұмыстары басталды. Алғашқы болып Быковский көшесіндегі үй жөндеуден өтті. 45 күн ішінде шатыр ауыстырылып, кіреберістер жөнделді, пластикалық терезелер мен кіреберіс есіктер орнатылып, ғимараттың қасбеті жаңартылды. Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов атқарылған жұмыстардың нәтижесімен танысып, тұрғындармен кездесті.

    Тұрғын үй қорын жаңғырту Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылып жатқан 2023–2029 жылдарға арналған тұжырымдама аясында жүргізілуде. Оның негізгі мақсаты – көппәтерлі тұрғын үйлердің техникалық жағдайын жақсарту және тұрғындарға қолайлы жағдай жасау.

    «Мемлекет басшысы жүргізіп отырған саясаттың негізінде еліміз тұрғындарының әл-ауқатын арттыру міндеті тұр. Жергілікті атқарушы органдардың міндеті – “Кокше-МЖД” ЖШС-нің мүлікті басқару субъектісі арқылы түсетін қаражатты бөлу. Ал меншік иелері қаражатты кезең-кезеңімен қайтарып, кейінгі үйлерді жаңғыртуға мүмкіндік беретін бағдарламаның қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етеді», – деді Марат Ахметжанов.

    Бағдарламаның маңызды қағидаларының бірі – тұрғындардың шешім қабылдау үдерісіне қатысуы. Мүлік иелерінің бірлестіктері тұрғындармен бірлесіп, жөндеу жұмыстарын жүргізетін мердігер ұйымды таңдайды, дизайн шешімдерін әзірлеп, қолданылатын материалдарды бекітеді.

    «Жаңғырту жұмыстарынан кейін үйіміз айтарлықтай өзгерді. Тұрғындар ретінде осындай оң өзгерістерді көргенімізге қуаныштымыз. Үйдің жағдайы күнделікті өміріміздің жайлылығы мен сапасына тікелей әсер етеді. Жүргізілген жұмыстар ұзақ уақыт қызмет етеді деп үміттенеміз. Біз де кіреберістерді таза әрі жақсы жағдайда ұстауға тырысамыз», – деп әсерімен бөлісті үй тұрғыны Заида Божкеева.

    Айта кетейік, облыс орталығында 320 көппәтерлі тұрғын үй жаңғыртуды қажет етеді. Оның 107-сі бойынша мекенжайлық жұмыстар жүргізілген. Сонымен қатар, қазіргі уақытта 4 үйдегі 5 лифтіні жөндеуге арналған жобалау-сметалық құжаттама сараптамадан өтуде.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Ақмола облысының әкімдігі" жаңалықтары