ӘУЕЗОВ АУДАНЫ ӘКІМІ АППАРАТЫНЫҢ ҚОЛДАУЫМЕН ҮСТЕЛ ТЕННИСІНЕН ҚАЛАЛЫҚ ТУРНИР ӨТТІ

    1 / 18

    Алматы қаласында Қарттар айлығы аясында Әуезов ауданы әкімі аппаратының қолдауымен зейнеткерлер арасында үстел теннисінен қалалық турнир өтті.

    Спорттық шараны «Kumis Khasyr» қоғамдық қоры мен Әуезов ауданының Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы бірлесіп ұйымдастырды. Турнирге Алматы қаласының сегіз ауданындағы Белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарынан 12 команда қатысты. Әр команда екі ер адам мен бір әйелден құралды.

    Іс-шараның негізгі мақсаты – аға буын өкілдері арасында салауатты өмір салтын насихаттау, дене белсенділігін арттыру, спортқа қызығушылықты қолдау және аудандар арасындағы достық байланысты нығайту.

    Жарыс барысында қатысушылар өздерінің спорттық шеберліктерін, ептіліктері мен жеңіске деген жігерлерін көрсетті. Тартысты өткен кездесулер қатысушылар мен көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

    Турнир қорытындысы бойынша:

    • І орын – Әуезов ауданы, 100 000 теңге;

    • ІІ орын – Медеу ауданы, 60 000 теңге;

    • ІІІ орын – Әуезов ауданы, 30 000 теңге.

    Жеңімпаздар мен жүлдегерлер ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

    Аталған турнир аға буын өкілдерінің қоғамдық өмірге белсенді араласуына, спорт арқылы өзара қарым-қатынасын нығайтуына және белсенді ұзақ өмір сүру мәдениетін қалыптастыруға ықпал етті.

    Әуезов ауданында егде жастағы азаматтарды қолдау, олардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру және салауатты өмір салтын насихаттау бағытындағы жұмыстар жалғасуда.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Әуезов ауданы әкімінің аппараты" жаңалықтары