Алматыда инсульт алған науқастарды қалай құтқарады: шұғыл көмектен оңалтуға дейін.
Алматыда дәрігерлер инсульт алған науқастардың өмірін сақтап, олардың қайтадан қалыпты өмірге оралуына көмектесіп келеді. Тіпті жасы 95-ке келген науқастың да қайта аяққа тұруына мүмкіндік бар.
Күн сайын Алматы қалалық орталық клиникалық ауруханасының инсульт бөлімшесіне 4-5 пациент, ал жекелеген күндері — 10-12 адамға дейін түседі. Олардың арасында шұғыл көмекке мұқтаж қарт адамдар аз емес.
Соңғы науқастардың бірі 95 жастағы ер адам. Ол ауруханаға ауыр халде түскен, алайда ем қабылдап, оңалту шараларынан өткеннен кейін науқас қайтадан аяққа тұрған.
"Инсульт кезінде тез әрекет ету маңызды. Біздің міндетіміз — инсульт түрін мүмкіндігінше тезірек анықтау, қажетті емдеуді бастау және ауыр асқыну қаупін азайту. Жағдайды тұрақтандырғаннан кейін біз адамға жоғалған функцияларды қалпына келтіруге көмектесу үшін оңалтуға кірісеміз", — дейді врач-невролог, ОКҚБ инсульт бөлімінің меңгерушісі Азиз Исмаилов.
30 төсек-орынға арналған бөлімшеде науқастарға тәулік бойы мамандандырылған медициналық көмек көрсетіледі. Науқастың жағдайы мен медициналық көрсетілімдерге қарай дәрігерлер тромболитикалық терапияны және емдеудің басқа да әдістерін қолданады. Оңалту шаралары ерте кезеңде басталады: мамандар науқастардың қимыл-қозғалысын қалпына келтіруге, қайтадан жүруді үйренуіне және күнделікті өмірге оралуына көмектеседі.
Дәрігердің айтуынша, егде жас адамның сауығуына өздігінен кедергі келтірмейді. Дегенмен, ем нәтижесі инсульттің ауырлығына, ем-шараларының уақтылығына және науқастың жеке ерекшеліктеріне байланысты.
Инсультті қалай тануға болады?
Негізгі белгілер – беттің кенеттен қисаюы, қолдың немесе аяқтың әлсіздігі немесе жансыздануы, сөйлеудің бұзылуы. Осындай белгілер байқалған жағдайда дереу 103 немесе 112 нөмірі бойынша жедел жәрдем шақыру қажет. Симптомдар тез басылған жағдайда да, медициналық көмекке жүгіну қажет.
Инсульт кезінде әр минут маңызды. Науқас неғұрлым тезірек көмек алса, тиімді емдеу және қалпына келтіру мүмкіндіктері соғұрлым көп болады.
Алматыда дәрігерлер инсульт алған науқастарды, тіпті терең қарттық шағында да аман алып қалуда
1 / 3
Ұқсас материалдар

БҚО-да «Қауіпсіз үй» іс-шарасы аясында профилактикалық есепте тұрған 2 мыңға жуық азамат тексерілді
Батыс Қазақстан облысының Полиция департаментіАшу
Автокөлікті сату бойынша ашық аукцион өткізу туралы хабарландыру
Қазақстан Республикасының Латвия Республикасындағы ЕлшілігіАшу
Қазақстандағы әлеуметтік кәсіпкерлердің саны 1 973-ке жетті
Ашу
Атырау облысында 2026 жылдың 9 айында еңбек құқықтарын қорғау бағытында атқарылған жұмыстардың қорытындылары
Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Атырау облысы бойынша департаментіАшу
Шымкентте кәсіби байқаулардың жеңімпаздары марапатталды
Шымкент қаласының төтенше жағдайлар департаментіАшу
"Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы" жаңалықтары

Алматы қалалық кардиология орталығында митральды қақпақшаны емдеудің жаңа аз инвазивті технологиясы енгізілді
Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасыАшу
АЛМАТЫДА ӘЙЕЛ ДЕНСАУЛЫҒЫН САҚТАУДЫҢ ЖАҢА ТӘСІЛДЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасыАшуЕмханаға тіркелудің жаңа ережелері: нені білу керек?
Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасыАшу
Алматылық дәрігерлер жүктілік кезіндегі қауіпті белгілерді атады
Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасыАшу
Психиатрға қашан жүгінген жөн?
Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасыАшу