Алматыда Саин көшесінің бір бөлігінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі

    Алматыда Саин көшесін ұзарту жұмыстары аясында көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі.

    Атап айтқанда, 10 қазан сағат 07:00-ден 12 қазан сағат 23:00-ге дейін Саин көшесінің батыс жағымен Рысқұлов даңғылынан Мөңке би көшесіне дейінгі аумақта, сондай-ақ Шәріпов көшесінде көлік қозғалысы жабылады. Шектеу асфальт-бетон жабынын төсеу жұмыстарына байланысты енгізіледі.

    Жөндеу жұмыстары жүргізілетін учаскеде ескерту белгілері орнатылады. Жол бағытын алдын ала жоспарлауды сұраймыз.

    Еске салайық, көлік қозғалысына енгізілетін барлық шектеу туралы ақпарат @AlmatyJoly Telegram-арнасында, әкімдіктің әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында, сондай-ақ 2GIS және «Яндекс Карты» қосымшаларында жарияланады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Алматы қаласының әкімдігі" жаңалықтары