Алматы әкімінің орынбасары Абзал Нүкенов кезекті рет азаматтарды қабылдады

    1 / 4

    Алматы қаласы әкімінің орынбасары Абзал Нүкенов азаматтарды кезекті жеке қабылдау өткізіп, әлеуметтік қолдау, білім беру және азаматтардың құқықтарын қамтамасыз ету мәселелері бойынша өтініштерді қарады.

    Ауған соғысы және басқа да жергілікті қақтығыстар ардагерлерінің өкілдері коммуналдық қызметтерге ақы төлеу шығындарын өтеу, ардагерлерге арналған госпитальдарда орын бөлу, сондай-ақ бейінді мемлекеттік органдардың қарауын талап ететін өзге де мәселелерді көтерді.

    Сондай-ақ жетім балаларды тәрбиелеу қызметтеріне ақы төлеу және тиісті басқармалардың жұмысына қатысты өтініштер қаралды.

    Қабылдау қорытындысы бойынша барлық өтініштер жұмысқа алынды. Көтерілген мәселелер құзыреті мен қолданыстағы заңнама аясында тиісті басқармалармен бірлесіп пысықталады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Алматы қаласының әкімдігі" жаңалықтары