Ақтөбеде жол сапасына қатысты бірқатар міндет қойылды

    1 / 7

    Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Асылбек Есенбаевтың төрағалығымен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың автомобиль жолдарын салу және жол сапасына қатысты тапсырмалары аясында жиын өтті.

    Негізгі талап – орындалған жұмыстың көлеміне ғана емес, жолдардың сапасы мен ұзақ мерзімділігіне басымдық беру.

    Жиында облыстық «ҚазАвтоЖол» филиалы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы, сондай-ақ Жол активтері ұлттық сапа орталығының өкілдері атқарылып жатқан жұмыстар мен анықталған кемшіліктер туралы баяндады.

    «ҚазАвтоЖол» филиалының басшысы Айбол Данағұл мәліметінше, Ақтөбе облысындағы жалпы ұзындығы 1 875 шақырым республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының 1 122,5 шақырымы жөнделіп жатыр. Оның ішінде 856 шақырымда - реконструкция, 266,5 шақырымда - орташа жөндеу қарастырылған. Сонымен қатар Жем және Қауылжыр өзені арқылы өтетін көпірлерге күрделі жөндеу жүргізу көзделген.

    «Облыстық маңызы бар жолдар бойынша 11, аудандық жолдар мен елді мекендердің көше-жол желісі бойынша 64, Ақтөбе қаласының көше-жол желісі бойынша 24 жоба іске асырылуда. 2026 жылы облыстағы жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесін 88 пайызға жеткізу жоспарланған», - деді облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқарма басшысы Айбек Қайыр.

    Жол активтері ұлттық сапа орталығының облыстық филиал басшысы Тельман Малаевтың сөзінше, 2023–2026 жылдары жол сапасын бақылау аясында 887 нысан сараптамамен қамтылып, 4 810 рет тексеру жұмыстары жүргізілді.

    Басқосу қорытындысы бойынша өңір басшысының орынбасары Асылбек Есенбаев жол құрылысына қолданылатын битум мен қиыршық тастың сапасын бақылауды күшейту, техникалық қадағалау жұмысын жетілдіру, ауыр салмақты жүк көліктерінің қозғалысын бақылау және бюджет қаражатын тиімді пайдалану жөнінде нақты тапсырмалар берілді.

    Сонымен қатар Жол активтері ұлттық сапа орталығы анықтаған 57 ақауды жедел жою міндеттелді. Кемшіліктер толық түзетілмеген нысандарды қабылдауға жол берілмейтіні атап өтілді.

    Жол құрылысы кезінде жобалық-сметалық құжаттама талаптарына сәйкес келмейтін материалдарды пайдалануға жол бермеу, сапасыз жұмыстарға жол берген мердігерлер мен техникалық қадағалау ұйымдарының жауапкершілігін арттыру тапсырылды.

    Көлік инспециясымен бірлесіп ауыр салмақты жүк көліктерінің заң талаптарын сақтау мақсатында күнделікті жұмыстар жүргізу үнемі назарда болуы тиіс.

    Берілген тапсырмалардың орындалуын бақылау облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына жүктелді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Ақтөбе облысының әкімдігі" жаңалықтары