1 / 5
Ағымдағы жылдың 8 қазанында сағат 15:30-да депутат Б. Бидаулетованың төрағалығымен аудандық мәслихаттың бюджет және әлеуметтік-экономикалық даму, заңдылық, құқықтық тәртіп және қоғамдық бірлестіктермен байланыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияларының жоспардан тыс бірлескен отырысы ZOOM режимінде өтті.
Күн тәртібінде 2 мәселе қаралды:
- Алтынсарин ауданындағы Осиповка елді мекенін тарату туралы.
- Алтынсарин ауданындағы Бирюковка елді мекенін тарату туралы.
Мәслихаттың тиісті шешімдерін қабылдау үшін депутаттар бірауыздан дауыс берді.




