АҚҚҰДЫҚ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСУЛЕР ӨТТІ

    1 / 8

    Мәртөк ауданының әкімі Нұржан Мақсатов Аққұдық ауылдық округіне жұмыс сапарымен барып, Первомай, Достық, Жаңажол, Вознесеновка және Қарабұлақ ауылдарының тұрғындарымен кездесті.

    Сапар барысында аудан басшысы әлеуметтік нысандардың жұмысымен танысып, мектептердің, медициналық пункттердің, ауылдық клубтардың, балабақшаның, дәрігерлік амбулаторияның және тұрғын үйлердің жай-күйін зерделеді. Сонымен қатар Достық ауылында салынып жатқан 60 орындық жаңа мектептің құрылыс барысын қарап шықты.

    Кездесулер барысында тұрғындардың ұсыныс-пікірлері тыңдалып, ауылдардағы өзекті мәселелер талқыланды. Атап айтқанда, әлеуметтік нысандардың жағдайы мен инфрақұрылымды дамыту, тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсарту бағытындағы мәселелерге назар аударылды.

    Жұмыс сапарының негізгі мақсаты – ауыл тұрғындарын толғандырған мәселелерді жергілікті жерде зерделеп, оларды шешу жолдарын талқылау және елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты өзекті міндеттерді айқындау.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Мәртөк ауданы әкімдігі" жаңалықтары