Ерте кәсіптік бағдар беру бағдарламасы аясында мектеп оқушылары мен жас мемлекеттік қызметшілер арасында «Qyzmet Leaders» зияткерлік ойыны ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты – жас ұрпақтың мемлекеттік қызмет саласына деген қызығушылығын арттыру, мемлекеттік басқару жүйесі туралы білімдерін кеңейту, көшбасшылық қасиеттері мен зияткерлік қабілеттерін дамыту.
Ойын барысында қатысушылар өз білімдерін ортаға салып, тапқырлықтарын, жылдам ойлау қабілеттерін және топпен жұмыс істеу дағдыларын көрсетті.
🏆 Ойын қорытындысы бойынша:
🥇 I орын – «BRAIN STORM» тобы
🥈 II орын – «ГИМНАЗИЯ» және «АЛАШ» топтары
🥉 III орын – «3LEMENT» тобы
📖 Бүгінгі білімді ұрпақ – ертеңгі ел болашағы!
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









