Алтынсарын ауданының мәслихаты

    "Мәслихат туралы"

    Алтынсарин аудандық мәслихаты (жергілікті өкілді орган) – аудан халқы сайлайтын, халықтың еркін білдіретін және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны іске асыру үшін қажетті шараларды айқындайтын және олардың жүзеге асырылуын бақылайтын сайланбалы орган. Алтынсарин аудандық мәслихаты заңды тұлға құқықтарымен иеленбейді

    Алтынсарин аудандық мәслихатының қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясымен, Заңмен және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерімен реттеледі.

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар
    ОтырысАяқталды

    Аудандық мәслихаттың сегізінші шақырылымының тұрақты комиссиясының жоспардан тыс бірлескен отырысы

    Аудандық мәслихаттың сегізінші шақырылымының тұрақты комиссиясының жоспардан тыс бірлескен отырысында депутаттар Қостанай облысының Өңірлік кәсіпкерлер палатасы филиалының директоры Г.Кукобаның Алтынсарин ауданының салық төлеушілері үшін салық мөлшерлемесін төмендетуге қатысты өтінішін қарады. Қазақстан Республикасы Салық кодексінің ережелеріне сәйкес, жергілікті өкілді органдарға (мәслихаттар) жеңілдетілген декларацияға негізделген арнайы салық режимін қолданған кезде қызмет түрі мен бизнестің орналасқан жеріне байланысты салық мөлшерлемесін 4%-дан 2%-ға дейін төмендету құқығы беріледі. «Алтынсарин ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы» ММ-нің басшысы Қ.Б. Рахметов салық саясаты, бюджетке салықтық және салықтық емес төлемдердің жоспарлы және нақты түсімі, сондай-ақ бюджет кіріс жоспарының орындалуы туралы ақпарат берді. Бұл мәселені қарап, берілген ақпаратты ескере отырып, депутаттар жеңілдетілген декларацияға негізделген арнайы салық режимін енгізу мақсатында салық мөлшерлемесін 4% деңгейінде өзгеріссіз қалдыру туралы бірауыздан шешім қабылдады.

    11 қыркүйек 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    Алтынсарин аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымының кезектен тыс сессиясы

    Ағымдағы жылдың 13 қазанында аудандық мәслихат төрағасы С.С.Мусапированың төрағалығымен Алтынсарин аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымының кезектен тыс сессиясының отырысы ZOOM режимінде өтті. Күн тәртібіне сәйкес 6 мәселе қаралды: - аудандық мәслихатының депутаты Ахметова Әмір Батырбекұлының депутаттық өкілеттігін тоқтату туралы; - мәслихаттың 2024 жылғы 27 желтоқсаңдағы № 110 «Алтынсарин ауданының 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы; - Алтынсарин аудандық мәслихатының 2020 жылғы 3 шілдедегі № 33 «Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандарға жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелерді белгілеу туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы; - мәслихаттың 2023 жылғы 19 мамырдағы № 22 «Алтынсарин аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы; - мәслихаттың 2023 жылғы 16 қаңтардағы № 149 «Алтынсарин аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссияларын сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы; - мәслихаттың 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 57 «Алтынсарин ауданының учаскелік сайлау комиссияларын сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы; Мәслихаттың тиісті шешімдерін қабылдау үшін депутаттар бірауыздан дауыс берді. Отырыс әлеуметтік желілерде онлайн көрсетілді.

    15 қазан 2025 ж.Тікелей
    Хабарландыру

    Ауданның участкелік сайлау комиссиясының құрамындағы бос орындар туралы Алтынсарин аудандық мәслихатының ХАБАРЛАМАСЫ

    Ауданның участкелік сайлау комиссиясының құрамындағы бос орындар туралы Алтынсарин аудандық мәслихатының ХАБАРЛАМАСЫ «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 10-бабына, Алтынсарин аудандық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 4 тамыздағы № 46/51 «Учаскелік сайлау комиссиясының мүшелерін міндеттерінен босату туралы» қаулысына сәйкес, Алтынсарин аудандық мәслихаты бос орындар туралы хабарлайды. Төменде бос орындар бар сайлау комиссияларының тізімі жарияланады. Сайлау комиссияларында барлығы 1(бір) бос орын бар. Құрылатын сайлау комиссиясына қатысты Қазақстан Республикасының саяси партияларының, өзге де қоғамдық бірлестіктерінің және жоғары тұрғандардың ұсыныстары 2026жылғы13 тамыздан 27 тамызғға дейін (қоса алғанда) қабылданады. Көрсетілген мерзімде саяси партиялар, өзге де қоғамдық бірлестіктер және жоғары тұрған сайлау комиссиясы мәслихат аппаратына мынадай құжаттарды ұсынады: 1) сайлау комиссияларының мүшелігіне кандидаттар туралы белгіленген нысандағы мәліметтерді электрондық және қағаз жеткізгіштерде; 2) саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің), жоғары тұрған сайлау комиссиясының тиісті сайлау комиссиясының құрамына кандидаттар ұсыну туралы шешімінен үзінді көшірме; 3) саяси партияны, қоғамдық бiрлестiктi немесе олардың филиалдарын (өкiлдiктерiн) тiркеу туралы құжаттың көшiрмесi; 4) кандидаттардың белгiленген нысан бойынша сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келiсiм беру туралы өтiнiшi (Қосымша 2). Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылған тұлға «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуі тиіс. Сайлау комиссиясының мүшелігіне кандидаттар туралы ақпарат нысандары, өтініш, біліктілік талаптары мәслихаттың (https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-altynsarin/documents/1?lang=kk) интернет-ресурсында орналастырылған. Сайлау комиссияларының құрамы туралы ұсыныстарды қабылдау аудандық мәслихаттың аппаратында 2026 жылғы 27 тамызғға дейін (қоса алғанда) дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 08:30-ден 17:30-ға дейін, үзіліс сағат 13:00-ден 14:00-ге дейін жүргізіледі. Алтынсарин аудандық мәслихаты Мусапирова Светлана Сағындыққызы – Алтынсарин аудандық мәслихатының төрағасы. Мәслихаттың орналасқан жері: Обаған ауылы, Ленин, көш.4, аудан әкімдігінің ғимараты. Құжаттарды жинауға жауапты тұлға: Сартова Ж.М. телефон 8(71445) 34-2-57 электрондық пошта мекен-жайы: [email protected] Құрамындабос орны бар Алтынсарин аудандық участкелік сайлау комиссиясының ТІЗІМІ № Участокномері Сайлау комиссиясының орналасқан жері Вакансиялар саны Участкелік сайлау комиссиясы–1 1. 183 Орналасқан жері: Бирюковка ауылы, Целинная көшесі, №1 (жеке тұрғын үй ғимараты) 1

    Жарияланды:
    Хабарландыру

    Округтік сайлау комиссиясында бар бос орын туралы Алтынсарин аудандық мәслихатының ХАБАРЛАМАСЫ

    Округтік сайлау комиссиясында бар бос орын туралы Алтынсарин аудандық мәслихатының ХАБАРЛАМАСЫ «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 10-бабына, Алтынсарин аудандық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 22 шілдедегі № 45/49 «Округтік сайлау комиссияларының мүшелерін міндеттерінен босату туралы» қаулысына сәйкес, Алтынсарин аудандық мәслихаты округтік сайлау комиссиясының құрамында бос орын барын хабарлайды.. Бос орындар бар сайлау комиссияларының тізімі төмендежарияланған. Сайлау комиссияларының құрамындағы бос орындар саны 4(төрт). Құрылған сайлау комиссияларына қатысты Қазақстан Республикасының саяси партияларының, өзге де қоғамдық бірлестіктерінің және одан жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсыныстары 2026 жылдың 28 шілдесінен 11 тамызына дейін(қоса алғанда) аралығында қабылданады. Көрсетілген кезеңде саяси партиялар, өзге де қоғамдық бірлестіктер және жоғары тұрған сайлау комиссиялары мәслихат аппаратына мынадай құжаттарды ұсынады: 1) электрондық және қағаз жеткізгіштерде белгіленген нысандағы сайлау комиссияларына кандидаттар туралы мәліметтер (1 қосымша). 2) саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің), жоғары тұрған сайлау комиссиясының тиісті сайлау комиссиясының құрамына кандидаттар ұсыну туралы шешімінен үзінді көшірме; 3) саяси партияны, қоғамдық бiрлестiктi немесе олардың филиалдарын (өкiлдiктерiн) тiркеу туралы құжаттың көшiрмесi; 4) кандидаттардың белгіленген нысан бойынша сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы өтініші (2 қосымша). Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылған тұлға «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуі тиіс. Сайлау комиссиясының мүшелігіне кандидатура туралы ақпарат нысандары, өтініш мәслихаттың интернет-ресурсында орналастырылған (https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-altynsarin?lang=kk ). Сайлау комиссиясының құрамына кандидаттар бойынша ұсыныстар аудандық мәслихаттың аппаратында 2026 жылғы 11 тамызға дейін(қоса алғанда) дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 08:30-ден 17:30-ға дейін, үзіліс сағат 13:00-ден 14:00-ге дейін қабылданады. Алтынсарин аудандық мәслихаты Мусапирова Светлана Сағындыққызы – Алтынсарин аудандық мәслихатының төрағасы. Мәслихаттың орналасқан жері:Алтынсарин ауданы, Ленин көшесі, 4, аудан әкімдігінің ғимараты. Құжаттарды қабылдау бойынша жауапты тұлға– Сартова Жанна Мейрамқызы 8(71445) 34-2-57, электрондық пошта мекенжайы [email protected]. Құрамында бос орындар бар Алтынсарин ауданының сайлау комиссиясының ТІЗІМІ №р/н Участок номері Сайлау комиссиясының орналасқан жері Вакансиялар саны Округтік сайлау комиссиялары – 4 1. 1 Танабай ауылы, Урожайная көшесі, 3 (мектеп ғимараты) 2 2. 4 Силантьев ауылы, Ленин көшесі, 10А (аудандық мәдениет үйінің ғимараты) 1 3. 9 Щербаково ауылы, Мәриям Хакімжанова атындағы көшесі, 48А (ауылдық округ әкімі аппаратының ғимараты) 1 ______________________

    Жарияланды:
    Хабарландыру

    Алтынсарин аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымының кезектен тыс сессиясын шақыру туралы ХАБАРЛАМА

    Алтынсарин аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымының кезектен тыс сессиясын шақыру туралы ХАБАРЛАМА «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі баскару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10 - бабына сәйкес, Обаған ауылында аудандық мәслихаттың сегізінші шақырылымының кезектен тыс сессиясы 2026 жылғы 27 шілдеде сағат 15.00-ге шақырылады. Кезектен тыс сессия отырысының онлайн-трансляциясы әлеуметтік желілерде жүргізіледі. Сессия күн тәртібінің жобасына келесі мәселе енгізілді: Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы. Отырыс ZOOM платформасы арқылы өтеді. Қосымша ақпарат үшін нықтама телефоны: 34-2-57

    Жарияланды:
    Шешім

    Мәслихаттың 2023 жылғы 27 желтоқсандағы «Алтынсарин ауданының учаскелік сайлау комиссияларын сайлау туралы» № 55 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

    Мәслихаттың 2023 жылғы 27 желтоқсандағы «Алтынсарин ауданының учаскелік сайлау комиссияларын сайлау туралы» № 55 шешіміне өзгерістер енгізу туралы Алтынсарин аудандық маслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: Мәслихаттың 2023 жылғы 27 желтоқсандағы «Алтынсарин ауданының учаскелік сайлау комиссияларын сайлау туралы» № 55 шешіміне өзгерістер енгізілсін: осы шешімнің қосымшасына сәйкес, шығып қалғандардың орнына учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау. Осы шешім Алтынсарин аудандық аумақтық сайлау комиссиясына жіберілсін. Осы шешім қабылданған күннен бастап күшіне енеді. Алтынсарин аудандық мәслихатының төрағасы С. Мусапирова «Алтынсарин аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің (ММ) бас маманы _____________ Қ. Жылқышенов «Алтынсарин аудандық мәслихатының аппараты» (ММ) бас маманы _____________ А. Құлмағанбетова Мәслихаттың 2026 жылғы 23 маусымдағы № 203 шешіміне қосымша Алтынсарин аудандық учаскелік сайлау комиссияларының құрамына шығып қалғандардың орнына сайланған мүшелердің ТІЗІМІ № 181 сайлау учаскесі Орналасқан жері: Силантьевка ауылы, Ленин көшесі, 10А (аудандық мәдениет үйінің ғимараты) Керібаева Айсұлу Сапаргелдіқызы; №203 сайлау учаскесі Орналасқан жері: Кубековка ауылы, Центральная көшесі, 23 (жеке үй ғимараты) Стрелкова Наиля Нармұхамедқызы.

    Жарияланды:
    Шешім

    Мәслихаттың 2025 жылғы 26 желтоқсандағы № 170 «Алтынсарин ауданының 2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

    Мәслихаттың 2025 жылғы 26 желтоқсандағы № 170 «Алтынсарин ауданының 2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы Алтынсарин аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: Алтынсарин аудандық мәслихатының «Алтынсарин ауданының 2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы» 2025 жылғы 26 желтоқсандағы № 170 шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын: «1. Алтынсарин ауданының 2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 - қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2026 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін: 1) кірістер – 2861322,9 мың теңге, оның ішінде: салықтық түсімдер бойынша – 1241901,0 мың теңге; салықтық емес түсімдер бойынша – 9907,0 мың теңге; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша – 5315,0 мың теңге; трансферттер түсімі бойынша – 1604199,9 мың теңге; 2) шығындар – 3406396,0 мың теңге; 3) таза бюджеттік кредиттеу – 13654,0 мың теңге, оның ішінде: бюджеттік кредиттер – 75688,0 мың теңге; бюджеттік кредиттерді өтеу – 62034,0 мың теңге; 4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0,0 мың теңге, оның ішінде: қаржы активтерін сатып алу – 0,0 мың теңге; 5) бюджет тапшылығы (профициті) – -558727,1 мың теңге; 6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 558727,1 мың теңге.»; көрсетілген шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі. Алтынсарин ауданының мәслихатының төрағасы С. Мусапирова

    Жарияланды:
    Шешім

    Алтынсарин аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымының кезекті он бесінші сессиясының күн тәртібі туралы

    Алтынсарин аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымының кезекті он бесінші сессиясының күн тәртібі туралы Алтынсарин аудандық маслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: Аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымының кезекті он төртінші сессиясының келесі күн тәртібі бекітілсін: - Алтынсарин ауданы әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттерді орындау туралы есебі; - Алтынсарин ауданындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің жай-күйі және оны одан әрі күшейту шаралары туралы. Осы шешім қабылданған күннен бастап күшіне енеді. Алтынсарин аудандық мәслихатының төрағасы С. Мусапирова «Алтынсарин аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің (ММ) бас маманы _____________ Қ. Жылқышенов «Алтынсарин аудандық мәслихатының аппараты» (ММ) бас маманы _____________ А. Құлмағанбетова

    Жарияланды: