@SalyqBot цифрлық салық кеңесшісі.

    Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті халыққа салықтық және кедендік мәселелер бойынша жедел түсіндіру көмегін көрсету, халықтың хабардарлығын арттыру және кері байланыс алу мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті іске асырған « @SalyqBot » Telegram чат-боты жұмыс істейтінін еске салады.
    @SalyqBot – қазақ және орыс тілдерінде әзірленген цифрлық салық кеңесшісі, және ол өте пайдалы функцияларға ие:
    Шотты бұғаттан шығару;
    Жеке тұлғалардың салықтары бойынша көмек;
    Банкроттық;
    Бейнеқоңырау;
    Кедендік мәселелер бойынша жедел көмек;
    Salyq ЖИ 2026;
    ТОП сұрақтар;
    Операторға сұрақ қою;
    Электрондық сервистер;
    Калькуляторлар;
    Анықтамалық;
    Салық күнтізбесі;
    Сауалнамалар;
    Бейнесабақтар.
    Чат-бот « @SalyqBot » атауы бойынша немесе https://t.me/salyqbot тікелей сілтемесі арқылы қолжетімді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті" жаңалықтары