Жас сақшылардың жігері сынға түсті: Қарағандыда облыстық спартакиада өтті. Қарағандыда Республика күніне орай жас сақшы сыныптарының оқушылары арасында облыстық спартакиада ұйымдастырылды. Спорттық додада облыстың 10 командасы күш сынасып, ептілік, төзімділік пен командалық рухтың үлгісін көрсетті. Іс-шараны Қарағанды облысы Полиция департаментінің Арнайы жұмылдыру және даярлық басқармасы мен «Арлан» спорт клубы бірлесіп ұйымдастырды. Жарысқа қатысқан әр команданың құрамында 16 оқушыдан болды. Жас сақшылар кермеге тартылу, үстел теннисі, шағын футбол және арқан тарту бойынша бақ сынады. Әр сайыста қатысушылар жеңіске деген жігерін танытып, өздерінің физикалық дайындығы мен ұйымшылдығын көрсетті. Спартакиаданың ашылу салтанатында Қарағанды облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары Талғат Мугманов жас сақшыларға сәттілік тілеп, спорттың жас ұрпақ тәрбиесіндегі маңызына тоқталды. Талғат Мугманов, Қарағанды облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары: «Спорт – тек күш пен ептіліктің ғана емес, мінездің, тәртіп пен табандылықтың мектебі. Бүгінгі жарыста сендер жеңіске жетумен қатар, бір-біріңе қолдау көрсетуді, ортақ мақсатқа ұмтылуды және қиындыққа мойымауды үйренесіңдер. Бұл қасиеттер спортта ғана емес, күнделікті өмірде де аса маңызды. Еліміздің патриоты болу – Отанды сүюмен қатар, оның болашағына жауапкершілікпен қарау. Баршаңа сәттілік тілеймін! Жеңіс жолында жігерлерің мұқалмасын!» – деді ол. Спорттық жарыспен қатар, жасөспірімдер арасында есірткінің алдын алуға бағытталған ақпараттық акция да өткізілді. Оқушыларға «Біз есірткіге қарсымыз!» деген жазуы бар футболкалар таратылып, есірткінің адам денсаулығы мен болашағына тигізетін зияны туралы ақпараттық үнпарақшалар ұсынылды. Осылайша, спорттық дода салауатты өмір салтын насихаттаумен және жастар арасында есірткіге қарсы көзқарас қалыптастырумен ұштасты. Спартакиада қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен командалар мен жас сақшылар марапатталды. Жарыс қатысушылары үшін бұл тек спорттық бәсеке ғана емес, достықты нығайтып, бірлік пен патриотизмді дәріптейтін маңызды шараға айналды. Қарағанды облысының полициясы жас ұрпақты спортқа баулу, салауатты өмір салтын қалыптастыру және өскелең буынның бойында отансүйгіштік қасиеттерді дамыту бағытындағы жұмыстарды жалғастырады.
Жас сақшылардың жігері сынға түсті: Қарағандыда облыстық спартакиада өтті
Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу
Ұқсас материалдар

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ
Түркістан қаласы әкімінің аппаратыАшу
ТҮРКІСТАНДА БІРҚАТАР ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ НЫСАННЫҢ ҚҰРЫЛЫС БАРЫСЫ ТЕКСЕРІЛДІ
Түркістан қаласы әкімінің аппаратыАшу
ҚР РФ Елшісі Д. Абаев креативті индустрия өкілдерімен кездесті
Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы ЕлшілігіАшу
Қазақстан мен Руанда екіжақты ынтымақтастықты нығайту перспективаларын талқылады
Қазақстан Республикасының Кения Республикасындағы ЕлшілігіАшуТүркістан облысы – туристік әлеуеті жоғары өңірлердің бірі
Туризм индустриясы комитетіАшу
"Қарағанды облысының Полиция департаменті" жаңалықтары

Түнгі рейд: Қарағандыда мас күйде көлік басқарған жүргізуші ұсталды
Қарағанды облысының Полиция департаментіАшу
Қазақстан нөмірінің астында — Грузия нөмірі: Қарағанды облысында жүргізуші қамауға алынды
Қарағанды облысының Полиция департаментіАшу
Жылытқышты қоса алып кеткен: Қарағандыда жалға алушы үй иесінің мүлкін иемденіп кеткен
Қарағанды облысының Полиция департаментіАшу
Погондағы спортшы: қарағандылық полицей Эльмира Сыздықова – Азия ойындарының күміс жүлдегері
Қарағанды облысының Полиция департаментіАшу
Камераға түсіп қалды: Теміртауда аулаға ескі жиһаз тастаған тұрғынның көлігі айыптұраққа қойылды
Қарағанды облысының Полиция департаментіАшу